Онлайн газет



ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс LX сессиясы өтті.
Сессияға аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев, аудандық мәслихаттың 15 депутатының 11-і, аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.
Сессия жұмысын аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев ашып, жүргізіп отырды. Онда “2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы” Байзақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №57-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы” аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков баяндады.
Баяндамада айтылғандай бюджеттің кіріс бөлігі жоғарғы тұрған бюджеттен трансферттік түсімдер есебінен 2 миллион  теңгеге ұлғайды. Бұл қаржы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға және жоюды ұйымдастыруға жұмсалмақ.
Бюджеттің шығыс бөлігінде жоғарыдан түскен трансферттік түсімдер және бос қалдықтар (39913 мың теңге) есебінен 41913 мың теңгеге ұлғайып, тиісті функционалдық топтарға бөлінген.
Қаралып отырған мәселеге байланысты депутаттар Б.Момынов, А.Қалабаев, Г.Ермековалар сұрақ қойып, оған аудан әкімінің орынбасары Қ.Бүркітәлиев жауап берді.
Сондай-ақ “Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы”, “Байзақ ауданының 2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспарын бекіту туралы”, “Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы” Байзақ аудандық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.


Қаралған мәселелер алдын ала өткізілген тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында жан-жақты талқыланғандықтан сұрақтар болмады. Нәтижесінде күн тәртібінде қаралған мәселелерге байланысты шешімдер қабылданды.
Сессия соңында аудандық мәслихаттың төрағасы Б.Ақбаев депутаттарды алдағы болатын кезекті сессияның күн тәртібімен таныстырып, оған дайындықпен келуді ескертті.

“Ауыл жаңалығы”- ақпарат.

Обновлено 20.02.2026 11:05
 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2264
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2264
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57209
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700477

Серіктестер