Онлайн газет



660 МЕГАВАТТЫҚ СУ ЭЛЕКТР СТАНСАЛАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қазақстан гидроэнергетика саласын кезең-кезеңімен кеңейтуде. Қазіргі уақытта республика бойынша жалпы белгіленген қуаты 313 МВт болатын 43 гидроэнергетика нысаны жұмыс істейді.
2025 жылы жүзеге асқан жобалар қатары Жетісу облысындағы жаңа стансамен толықты. Қуаты 26 МВт «Корин CЭС-2» нысаны пайдалануға берілді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша жаңартылатын энергия көздері нысандарынан өндірілген электр энергиясының көлемі 8,621 млрд. кВт.сағ болды. Оның ішінде қолданыстағы шағын және орта су электр стансалары сағатына 1,196 млрд кВт экологиялық таза энергия өндірді.
Жасалған келісімшарттарға сәйкес, 2030 жылдың соңына дейін жалпы қуаты шамамен 660 МВт болатын жаңа су электр стансаларын іске қосу жоспарланып отыр.
Саладағы ашықтықты қамтамасыз ету және инвестиция тарту мақсатында Энергетика министрлігі аукциондық сауда механизмдерін белсенді қолдануда. Атап айтқанда, 2025 жылы гидроэнергетика жобалары үшін 500 МВт қуат аукционға шығарылды.
Қолданыстағы ЖЭК нысандарының, соның ішінде су электр стансаларының ең жоғары шоғырлануы елдің оңтүстік және шығыс өңірлерінде байқалады. Көшбасшы аймақтар қатарында Жамбыл, Алматы және Жетісу облысы бар.
Жоспарланған СЭС жобаларын іске асыру Қазақстанның энергетикалық теңгерімін әртараптандыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, өзендердің табиғи су әлеуетін тиімді пайдалану арқылы шалғай өңірлерді тұрақты «жасыл» энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

“Ауыл  жаңалығы”- ақпарат.

 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2034
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2034
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда56979
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700247

Серіктестер