Онлайн газет



СУ ТАСҚЫНЫ: ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

Күннің кенеттен жылуына орай,  өткен аптада түскен қалың қар еріп,  жер асты сулары көтерілгенін жақсы білесіздер.Сондықтан су тасқынының алдын алу, қауіпсіздік шараларын жетік білудің маңызы зор.
Есте сақтаңыз! Егер сіздің үйіңіз және аулаңыз гидрометеорологиялық болжамындағы су тасқыны болатын шекараға түсетін болса, үйіңізді, пәтеріңізді қорғап қалу мақсатында келесі ережелерді орындауыңыз қажет:
1.Су басып кету мүмкіндігі туған кезде болжамды жағдайды бағалап, іс-әрекет жоспарын ұйғарыңыз, қауіпсіз орын және жедел көшіру бағытын анықтаңыз.
2.Алдын ала үш тәулікке жететін ішетін су және азық мөлшерінің қорын дайындаңыз.
3.Сәйкес киім және аяқ киім, медициналық дәрі қоры, бірінші қажеттілік заттарын әзірлеп қойыңыз.
4.Ақша, құжаттар, бағалы қағаздар мен заттарды үнемі дайындықта ұстаңыз.
5.Ауладан ауыл шаруашылық құрал-саймандарды алып тастаңыз. Қол астыңыздағы шаруашылықтың сақталуын қамтамасыз етіңіз, мал азығын дайындаңыз, қауіпсіз орынды анықтаңыз.
6.Өзіңіздің үйіңізді, пәтеріңізді қорғау бойынша жұмыс жүргізіңіз, бағалы заттарды, күнделікті қолданыстағы заттарды үйдің шатырына немесе жоғарғы қабаттарына көшіріңіз.   
7.Қажетті қарапайым жүзу құралдарын дайындаңыз.
Судың дүркін лақтырысы және деңгейінен кенеттен көтерілуі, мол толқын ағыны жағдайында:
1.Үрейленбей, шапшаң, мақсатты қимылдаңыз.
2.Суды, газды, электр құралдарын, отты және пешті сөндіріңіз.
3.Терезе және есіктерді жабыңыз, мүмкіндігіңізше тақтай немесе фанермен шегелеп тастаңыз.
4.Үй жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық іс-шараларды қолданыңыз, есік қақпаларды ашыңыз, оларды шешіп жіберіңіз.
5.Лайықты резеңкеленген киім киіңіз, құжаттарды алыңыз. Ақша, бағалы қағаздар, ішетін су қорын, азық, медициналық дәрі-дәрмек қобдишасын, бірінші қажеттілік заттарын алып, жедел ғимараттан шығыңыз.
6.Су тасқыны ауданынан жеделдетіп кетуге тырысыңыз. Егер бұл әрекетіңіз іске аспаса су тасқыны ауданынан немесе одан алшақтау қауіпсіз орын табыңыз.
7.Қол асты жүзу құралдарын пайдаланып, қауіпсіз жерге көшіңіз, немесе үйдің, ғимараттың жоғарғы қабаттарына мініңіз.

Аудандық  Төтенше жағдайлар бөлімі.

 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2233
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2233
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57178
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700446

Серіктестер