Онлайн газет



Келелі істер, келешек жоспарлар

Белгіленген мерзімге сәйкес, сейсенбіде аудандық әкімшіліктің мәжілістер залында бесінші сайланған Байзақ аудандық мәслихатының кезекті ХХХІІ сессиясы болып өтті. Оған ауылдық округ әкімдері мен депутаттар, аудандағы мекеме, ұйым  басшылары мен мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, ардагерлер және жастар қауымы қатысып отырды. Оны ашып, жүргізіп отырған  №12 Сәтбаев сайлау округінің депутаты, аталмыш мәслихат сессиясының төрағасы Р.Сәрсенов күн тәртібіндегі басты мәселелермен таныстырып, жұмыс регламентін бекіткеннен кейін, аудан әкімі М.Ж.Шүкеев аудандық мәслихат депутаттары алдында өзінің функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебін берді.
Өз сөзін «... биыл өткізіліп отырған аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есеп еліміздің қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру үдерісінің маңызды элементі ғана емес, ол атқарушы органдардың шын мәніндегі емтиханы болып табылады. Себебі, кез-келген өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ең бір өткір мәселелерін аудан тұрғындары сенім білдірген өкілдері, мәслихат депутаттары нақ осында қозғайды. Бұл Елбасы талап етіп отырған атқарушы биліктің жауапкершілігін және есеп беруге міндеттілігін арттыруға ықпал жасайтын халық қалаулыларымен ашық сұхбаты болып табылады» деп бастаған Мұратхан Жүнісәліұлы өткен жылы, осы мерзімде берілген есепті жиында айтылған ұсыныстардың орындалуы жөнінде мәлімет беріп өтті.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2013 жылғы Жолдауына ықпал ету, мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың орындалуына бақылауды күшейту, білім беру мекемелерінің жұмысын ұлттық бірыңғай тесттің қорытындысын жасақтауға бағыттау, бюджет қаражатын мақсатты, тиімді және уақытылы игерілуіне бақылау жасау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жандандыру, осы бағыттағы тәртіп бұзушылықты болдырмау шараларын белгілеу және құқық қорғау органдарының жұмысына бақылауды күшейту мәселелері оң шешімін тауып келе жатқандығын сөз етті. Нақтырақ айтсақ, жоғарыдағы мәселелердің орындалуы әкім баяндамасында толық көрініс тапты.
- Аудан бюджеті 2014 жылдың қаңтар-маусым айларында кірістер бойынша 3735,8 млн.теңге жоспарланған, түсім  3760,7  млн. теңге сомасында, яғни 100,7 %-ға орындалды.  Ал, шығындар бойынша жоспарда 3712,1 млн. теңгенің 3791,0 млн. теңгесі немесе 99,4%-ға орындалды.
2014 жылдың қаңтар – маусым  айларында бюджетке 940,4 млн. теңге салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналып, болжам 104,2%-ға орындалды. Республикалық бюджетке түсімдер 218,3 млн. теңгені (102,3%), облыстық бюджетке – 243,6 млн. теңгені (103,5%), аудандық бюджетке – 478,4 млн. теңгені (105,5%) құрады.2014 жылдың қаңтар-маусым айларында ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарымен 1091,5 млн.теңгенің өнімі өндірілді.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 5,2 млрд. теңгені құрады, немесе 0,8% артқан. Аудан бойынша көктемгі егіс-дала жұмыстарын атқару барысында айдалатын 18304 га егістік алқаптың 18304 га немесе 100 пайызы айдалып, себілетін 4900 га жаздық арпаның 5921 гектары немесе 121 пайызы, 600 га картоптың 605 гектары немесе 100,8 пайызы, 4900 га көкөністің 4915 гектары немесе 100,3 пайызы, 4200 га жоңышқалық алқаптың 4620 гектары немесе 110 пайызы, 5700 га майлы дақылдардың 6000 гектары немесе 105 пайызы себілді.
Бүгінгі күнге аудан бойынша  11921 га (күздік бидай – 6000 га, жаздық арпа -5921 га) масақты  дәнді  дақылдардың, 11563 гектары немесе 97 пайызы орылып, 9250 тонна астық бастырылып, жалпы  өнімділігі - 8 центнерден айналуда. Орақ  науқанына 45 астық  комбайыны  қатысуда. 2014 жылы ауданда егіс жұмыстарын жүргізу үшін 215 тонна  арзандатылған дизель отынына  38 шаруа қожалық  өтінім беріп, оның  210 тоннасын  алды.
Жалпы дақылдардың барлық түрі бойынша бүгінге 77,0 млн. теңгенің субсидиясы игерілді. Шаруашылықтың барлық санаттарында 4844,8 тонна ет өндірілді, бұл 2013 жылдың тиісті кезеңінен 4,5%-ға артық.
2014 жылдың 1 шілдесіне мүйізді ірі қара малдың саны 360 басқа, (36,0 мың), қой мен ешкі – 1841 басқа (248,9 мың бас), жылқы – 224 басқа (10,2 мың бас) өсті. Құс 258,6 мың басты құрады.
Ауданда 25 қолдан ұрықтандыру пункттері, 6 асыл тұқымды мал шаруашылығы бар. Жалпы 9 мал сою алаңы жұмыс істеуде.
2014 жылы мал басы 350 құрайтын екі МІҚ мал бордақылау алаңы ашылды, олар («Күлзипа» – 200 бас, «Молдебек»-150 бас). Қазіргі таңда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 4 шаруа қожалығы  56,7 млн. теңге несие алып, 333 мүйізді ірі қарамен мал басын көбейтті. «Құлан» бағдарламасы бойынша 1 ш/қ 15 млн. теңгеге 55 бас жылқы малын алды.
2014 жылдың алты айында аудан бойынша асыл тұқымды 110 бас МІҚ малы (16,940 млн.теңге), 140 бас жылқы (5,6 млн.теңге), 3115 бас қой малы (24,920 млн. теңге) алынып, бүгінгі күнге асыл тұқымды мал үшін барлығы - 47,74 млн. теңгенің субсидиясы берілді. Мал өнімдерін өндіру бойынша 30,2 млн. теңге, ал жалпы мал шаруашылығы бойынша бүгінге 77,9 млн. теңгенің субсидиясы игерілді.
2014 жылы ветеринария қызметіне жұқпалы індеттерге қарсы егу, серологиялық тексеру жұмыстарына 83,0 млн. теңге жұмсалды, - осылай деген Мұратхан Жүнісәліұлы аудандағы бөлшек сауда айналымының көлемі,  шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы жетістіктер жайында да айтып жеткізді.                               
Баяндамада сонымен қатар, “Өңірлерді дамыту” бағдарламасы негізінде атқарылған жұмыстар,  соның ішінде аудандық, облыстық мәндегі жолдардың жөнделу барысы, елдімекендерді ауыз су, газбен қамтамасыз ету бойынша істеліп жатқан шаралар және “Қоғамдық орындарды абаттандыру, көгалдандыру, көгеріштендіру, санитарлық тазалық жұмыстары” айлықтарының нәтижесі де қамтылып өтті.
М.Шүкеев:  ““Қазақстан РеспубликасынЫң Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында “Біздің мақсатымыз - еңбеккерлер мүддесін ескерген еңбек қатынастарының түбірімен жаңа үлгісін жасау” деп атап көрсетті” дегенді алға тартып елдімекеніміздегі еңбек нарығына ойысты.
-2014 жылдың 1-ші шілдесіне есепте тұрған  жұмыссыздар саны – 119  адамды құрады. Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде уәкілетті органға  – 444 адам тіркелінсе, оның 56 адамы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бірінші және екінші бағыттарына қатысушылар ретінде тіркелініп, 290–ы жұмыспен қамтылып, жұмыспен қамту үлесі 74,7 пайызды құрады. Аудан мекемелерінде ашылған жаңа және бос жұмыс орындарына 158 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 25 адам, жастар практикасына 49 адам жұмысқа орналастырылды. Аумақтық даму бағдарламасы бойынша 2014 жылға  жоспарланған 92 жаңа жұмыс орындарының орындалуы 30,4 пайызды құрап, жыл басынан  28 жаңа жұмыс орындары  ашылды. Бұл жұмыс орындары білім беру, денсаулық сақтау саласында 17, экономиканың басқа салаларында 11 орын ашылған.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын іске асырудың бірінші бағыты бойынша: «Инфрақұрылымды және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» аясында 5 нысанға – 111,330 млн. теңгеге 58 жұмыс орны қарастырылған. Оның ішінде елу пайызы бағдарлама бойынша 30 адамды жұмысқа тарту жоспарланды. Сәуір айынан 3 объектіде, яғни Мырзатай мен Дихан клубтарының жөндеу жұмыстарына 2 адам, аудандық аурухананың терапевтік бөлімшесіне жөндеу жұмыстарына 11 адам қамтылып, нысандардың жұмыстары аяқталды. Қалған 2 нысан бойынша Балалар көркемсурет мектебіне 8 адам, Алтынсарин орта мектебі ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына 9 адам жолданып, жұмыстарын жалғастыруда.
Екінші бағыт бойынша: «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту», бірінші құрамдас бөлігімен: 80 адамға шағын несие беруге 190,0 млн.теңге қаралды. Оның ішінде, облыс көлемінде мал шарушылығын дамыту үшін, сауын сиыр алуға 21 адамның құжаттары дайындалды. Жалпы несие алуға 740 адамның  өтініші тіркелген. Оның жоспарлы 80 адамының құжаттары сәуір айынан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамына жолданды. Микроқаржылық ұйымына алдыңғы кезектен тыс несие беруді ұйымдастыру мақсатында асыл тұқымды сиыр алатын 21 адамға, сүт өнімдерін өңдеуге «Жадыра» шаруа қожалығына және инфрақұрылымды жайластыратын 11 адамға сұраныс хаты жолданды. Бүгінгі күнге 16 адам 33,1 млн.теңгеге несие алды. Оның ішінде сауын сиыр алуға 4 азамат 7,8 млн. теңгеге несие алып отыр. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды жайластыру үшін бөлінген 10,0 млн. теңгені игеруге бағытталған жұмыстар атқарылуда.
Кәсіпкерлік негіздерін оқытуға Тараз қаласында 80 адам оқып, сертификаттарын алды. Ал «Даму» қоры арқылы кәсіпкерлік негіздеріне 26 адам оқып, тиісті сертификаттарға ие болды.
Үшінші бағыт: «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу», оның бірінші құрамдас бөлігі бойынша: 124 адамды жұмыспен  қамту, оқыту жоспарланған.  Қайта даярлауға - 2014 жылы жоспарланған 12 адам сәуір айынан бастап әр түрлі мамандықтар түрлерімен 3 айлық курстар бойынша оқуларға жолданды;
- біліктілігін арттыруға - 5 адам сәуір айынан бастап әр түрлі мамандықтар түрлерімен 1 айлық курстар бойынша оқуларын аяқтап, тұрақты жұмыс орындарына орналасты;
- кәсіптік даярлауға –01.09.2014 жылдан бастап 4 адам әр түрлі мамандықтар түрлерімен 12 ай мерзімге оқуға жіберу жоспарланды.
- әлеуметтік жұмыс орындарына 4,4 млн.теңге - жоспарлы 20 адамға қарастырылған, жыл басынан 3 адам өз еркімен жұмыстан кетуіне байланысты, жалпы есепте 23 адам жұмысқа  жолданды.
- жастар практикасымен 10,543 млн. теңгеге - 55 адам орналастырылады. 2014 жылдың ақпан - мамыр айларында 36 адам жастар практикасына жолданды. Барлығының 10 пайыз зейнетақылық қорына салымдары аударылуда.
«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бойынша 2014 жылы ақпан - шілде айларында оқуды аяқтайтын 24 білімгерді жұмысқа орналастыру міндеті жүктелген. Жыл басынан «Өрлеу» жобасы шартты ақшалай көмек 37 отбасының 44 адамына 1286,5 мың теңге тағайындалып, төленді. Оның 273,5 мың теңгесі жергілікті бюджеттен, 1013 мың теңгесі республикалық бюджеттен. Жыл аяғына дейін аталған көмек түрінен 3921,5 мың теңге қосымша тағайындалады деп жоспарлануда.
Осылайша “Жұмыспен қамту -2020” бағдарламасының жемісін егжей-тегжейлі әңгімелеген аудан басшысы, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет салаларындағы  алға жылжушылықтарды да атап өтті. Отыздан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан өңіріміздегі ардагерлер жастардың тәлімді тәрбиесі жолында үлкен үлгі көрсетіп жатқандығын, тиісінше аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің жанынан құрылған “Жастар орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұл-қыздары аудандағы әртүрлі деңгейдегі іс-шараларға белсенді түрде атсалысып жүргендігін ауызға алды.
Елдімекенімізде қылмыспен күресу және оның алдын-алу бойынша да біршама игі істер жасалыныпты. Яғни, жалпы аудан бойынша 2014 жылдың қаңтар-маусым айларында барлығы 235 қылмыс тіркелсе, бұл 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,9%-ға кеміген. Оның ішінде -ауыр қылмыстан 23 оқиға тіркеліп, ашылу деңгейі 76,0 %; аса ауыр қылмыстар бойынша 21 қылмыс тіркеліп, ашылуы 72,7%; бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша 127 қылмыс тіркелініп, ашылуы 16,6%; мал ұрлығынан 41 қылмыс тіркелген, ашылуы 16,6%-ды құраған. Есірткіге байланысты 10 қылмыс тіркелген, ашылу деңгейі 100%, бұзақылық бойынша 10 оқиғаның ашылу деңгейі 26,3% болған.
Аудан әкімі М.Шүкеевтің өзінің функциялары мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі барысында келелі істермен қатар, кемшін тұстар, келешек жоспарлар да ашық айтылды.  Әсіресе, болашақта ауданымызда жаңа өндіріс орындарын ашу, бұл негізде Ботамойнақ ауылдық округіндегі “База -Servis” ЖШС-і кірпіш шығару зауытының өндіріс қуаттылығын, жобалық қуаттылыққа жеткізу, “Rola-7” ЖШС-нің айналма қорын ұлғайтуға қаражат бөлуге ықпал ету, мектептердегі білім сапасын арттыру маңызды екендігін атап өткен  Мұратхан Жүнісәліұлы тиісті салаға қатысы бар басшыларға тапсырмалар жүктеді.
Мұнан кейін, №15 Құмжота сайлау округінің депутаты, аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Үкібаев, №5 Суханбаев сайлау округінің депутаты С.Молдабеков, Бәйтерек ауылдық округі ардагерлер алқасының төрағасы А.Мамытқұлұлы есепті баяндамаға  өз бағаларын беріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Сессия жұмысы “Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау” жөніндегі тұрақты комиссияның атқарған жұмыстары туралы комиссия төрағасы Н.Тлеповтың және ауданымызға қарасты Бурыл, Түймекент ауылдарының бас жоспар зерттемесі Абай, Ақжар, Көкөзек, Көкбастау, Құмжота, Дихан-2, Жақаш, Диқан-1 ауылдарының бас жоспарын (оңтайландырылған сызбасы) бөлшектеп жобалау жоспарын қоса дайындау жобасын бекіту туралы  “Табыс-Жоба” ЖШС-нің сәулетшісі Х.Монтаеваның мәлімдемелерімен жалғасын тапты. Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың кезекті ХХХІІІ сессиясының төрағасы сайланып, күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша шешім шығарылды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 21.08.2014 08:57
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін266
mod_vvisit_counterКеше1665
mod_vvisit_counterОсы аптада5270
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда12911
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2264580

Серіктестер