Онлайн газет



ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

Қоғамдық тәртіп пен әділетті қоғам – елдің тыныштығы мен тұрақты дамуының басты кепілі. Бұл ұғымдар әрбір азаматтың күнделікті өмірдегі жауапкершілігі мен заңға деген құрметінен бастау алады. Осы бағытта Бәйтерек ауылдық округінде осы бағытта бірқатар нақты жұмыстар атқарылып келеді.
Ауылда қоғамдық тәртіпті сақтау – тек полицияның емес, барша тұрғынның ортақ міндеті. Учаскелік полиция инспекторы, ауыл әкімдігі, ақсақалдар кеңесі және жастар ұйымдары бірлесіп, құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізуде. Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіліп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жастар арасындағы тәртіп мәселелері, жол қауіпсіздігі тақырыптары түсіндірілуде.
Әділетті қоғамның басты белгісі – халықтың пікірін ескеру және мәселелерін ашық шешу. Бәйтерек ауылдық округінде тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдауға бағытталған қабылдаулар ұйымдастырылып, көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табуда. Бұл өз кезегінде халық пен билік арасындағы сенімді нығайтады.
Жастар-қоғамның болашағы. Ауыл мектептерінде құқықтық тәрбиеге арналған кездесулер өткізіліп, спорттық және мәдени іс-шаралар арқылы жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлінуде. Бұл құқықбұзушылықтың алдын алуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.
Қоғамдық тәртіпті сақтау-тек бақылау мен жазалау емес, ең алдымен алдын алу мен түсіндіру жұмыстары. Әр тұрғын өзінен бастап тәртіп сақтаса, айналасына үлгі болса, ауылда тыныштық пен әділеттілік орнығады. Бірлік бар жерде-береке бар.

Қуаныш Жұманов,
Бәйтерек ауылдық округінің әкімі.

 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2084
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2084
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57029
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700297

Серіктестер