Онлайн газет



ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Жаһандану үрдісі жүріп жатқан кезеңде оқушылардың  қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы білімдерін жинақтау, білетін және үйренген ақпараттарын өмірде қолдана білу, салт-дәстүрді  құрметтеп, қадірлей білуге, мейірімділікке тәрбиелеудің маңызы зор. Осы мақсатта Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Байзақ ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Өнер мектебі базасында «Салт-дәстүр білгірі»  тақырыбында аудандық байқау өтті.
Оған ауданымыздың қосымша білім беру мекемелерінен үміткерлер қатысып, 4 кезең бойынша сынға түсті. Байқаудың қорытындысында ІІІ орынды Амина Бейсеналы (жетекшісі Нурсая Альжанова), ІІ орынды Назым Талғат (жетекшісі Құралай Жолдасбекова), І орынды Айтжан Осман (жетекшісі Айсана Өмірзақ) иеленді. Өнер мектебінің 7 жасар қатысушысы Әмина Нұрлан (жетекшісі Саламат Молдабаев) бас жүлдені жеңіп алып, облыстық байқауға жолдама алды.
Байқауды аудандық білім бөлімінің әдіскері Зәуреш Сатылғанова  қорытындылап, жүлдегер оқушыларды марапаттады. Облыстық байқауда ауданымыздың намысын қорғайтын оқушыға сәттілік тіледі.

Ерболат ТАУАСАРОВ,
облыс әкімдігі білім басқармасы Байзақ ауданы білім бөлімінің “Өнер мектебі” МКҚК директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Обновлено 17.02.2026 10:55
 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2062
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2062
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57007
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700275

Серіктестер