Қарттарға құрмет - ұрпаққа міндет |
Сан қилы кезеңдерді басынан кешіп, өмірін еңбекпен өткізген, елдің гүлденуіне негіз қалаған аға ұрпақ бүгінде қарттықты басынан кешіп, кейінгі буынның қолдауын қажет ететіні шындық. Әрине, қоғам, мемлекетіміз тарапынан оларға жасалып жатқан қамқорлықтар аз емес. Бірақ айнала қоршаған орта мен жанында жүрген адамдардың аялы алақаны мен жан жылуын қажет етері сөзсіз. Осыны ескерген «Жаңатұрмыс» орта мектебінің ұжымы ардагерлерге арнайы құрмет көрсетуді мақсат тұтыпты. Осы оймен мектеп директоры Е.Қалменов пен «Нұр Отан» ХДП Байзақ аудандық филиалының мектептегі бастауыш ұйымының төрағасы С.Кемесариев Жаңатұрмыс ауылындағы ең жасы үлкен қарияларға құрмет көрсетті. Солардың қатарында Үсіп Жартыбаев отыз бес жылдан аса мектепте ұстаз болып істеген. Батыр аналар - Ғалия Керімханова мен Күлтан Әбілбекова мал баққан, қызылша өсірген, Мейіркүл Құрмашова балтамыр баптаудың шебері болған. Бұл ардагерлердің алдының жасы тоқсанға таяп қалса, арты сексеннен асқан. Міне, осы кісілерді халықаралық қарттар күнімен құттықтай отырып, сый-сияпаттарын тапсырды.
Өз тілшіміз. |
Обновлено 15.10.2012 15:10 |
Халыққа жолдау
ЖАРНАМА
Бүгін | 35 | |
Кеше | 1480 | |
Осы аптада | 4571 | |
Өткен аптада | 10842 | |
Осы айда | 30264 | |
Өткен айда | 32286 | |
Бәрі | 2680480 |