Онлайн газет



Партия билеттері табысталды

Еліміздегі ең басты партия “Нұр Отанның” қатары күн санап толығуда. Өткен аптаның сенбісі күні “Нұр Отан” партиясы Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Тлепов Жалғызтөбе ауылдық округіндегі “Ерасыл” балабақшасында болып, мұндағы бір топ қызметкерлерге партияның жаңа үлгідегі билеттерін табыстады.
Іс-шарада сөз сөйлеген Нұржан Сейдазымұлы “Нұр Отанның” - нұрлы жолға бастайтынын тілге тиек ете отырып, ұстанған басты бағыт-бағдарын, соның ішінде әсіресе, партияның жаңа “2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы” бағдарламасының жобасымен таныстырып, оның маңызы жөнінде сөз қозғады. Ұжымға шығармашылық табыстар тіледі.
Өз кезегінде балалар тәрбиесі жолында барлық күш-жігерлерін сала жұмыс жасап жатқан “Ерасыл” балабақшасының ұжымы да партияның жаңа үлгідегі билеттеріне ие болып отырғанына қуанышты екендіктерін айтып, бұдан былайғы ретте де ел ертеңі үшін аянбай еңбек ететіндіктерін жеткізді.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін20
mod_vvisit_counterКеше1241
mod_vvisit_counterОсы аптада6265
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда13906
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2265575

Серіктестер