Онлайн газет



ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

Жер сілкінісі-жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен жердің беткі қыртысының тербелуі. Қазіргі таңда жер сілкінісі апатының қауіптілігін сөзбен айтып жеткізу қиын. Сондықтан жер сілкінісі кезінде міндетті түрде білу қажет іс-қимылдар тізіміне назар аударыңыз:
-Егер жер сілкінісінің алғашқы сілкінулерін сезсеңіз үрейленбеңіз, сіз орналасқан ғимараттан шығып, ашық жерге шығыңыз;
-Биік ғимаратта тұратын болсаңыз лифтті қолданбаңыз;
-Ғимарат ішінде қалып қалған болсаңыз сабыр сақтап жасырынатын жерді табыңыз;
- Жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыныңыз;
-Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;
-Қауіпсіз аймаққа кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
-Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
-Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз;
-Жердің қайталанып сілкінуіне дайын болыңыз;
Жер сілкінісінің аяқталуы туралы төтенше жағдайлар қызметкерлерінің нақты ақпаратын естігеннен кейін ғана тұрғылықты жеріңізге, тек ғимаратқа кіру қауіпсіз екеніне көз жеткізгеннен кейін кіргеніңіз абзал.

Илияс Рысалдиев,
аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1949
mod_vvisit_counterКеше1953
mod_vvisit_counterОсы аптада1949
mod_vvisit_counterӨткен аптада23281
mod_vvisit_counterОсы айда36232
mod_vvisit_counterӨткен айда110461
mod_vvisit_counterБәрі4196713

Серіктестер