Онлайн газет



БІРЫҢҒАЙ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Өткен аптаның бейсенбісінде, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйытқы болуымен өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына қатысты сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдауға арналған бірыңғай ашық есік күні болып өтті.
Аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткізілген акцияға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Тлепов, аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы С.Қалмахан, аталмыш бөлімнің бас маманы Ж.Шолтабаева, аудан әкімдігі жұмыспен қамту орталығының маманы Б.Сыздықовтар ашық есік күніне келген аудан тұрғындарына Үкімет қабылдаған бағдарламаның басты мақсаты өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және әлеуметтік әлеуеті төмен топты табысты экономикалық еңбекке тарту, сонымен қатар индустрияландыру бағдарламасын іске асыру жолында кадр қуатын күшейту болып табылатындығын түсіндірді.
Қабылдауға келген аудан тұрғындары Дильмурат Шарапов Шахан ауылына барар жолдағы саяжайда жарық жоқтығын сөз етсе, Тоқтасын Қыдыралиев пен Марина Димбаева мемлекеттік бағдарлама аясында беріліп жатқан несие, оған қол жеткізу жолдары мен қайтарылымы туралы көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдады.
Акция ұйымдастырушыларының айтуынша, үш кезеңді қамтитын бағдарламаның биылғысы ілкі жоба болып табылады және оған 40 млрд. теңге қарастырылады. Алдағы 3 жылда осы ақшаға қосымша 190 млрд. теңге қосылады. Бағдарламаның екінші кезеңі 2012 - 2015, үшінші кезеңі 2016 - 2020 жылдарды қамтиды.
Басқосу барысында бірыңғай қабылдау күнін ұйымдастыру арқылы жетекші партия азаматтарға бағдарламаның негізгі операторларымен қоян-қолтық араласуға және жүзбе-жүз кездесуге жағдай жасап отырғанын тілге тиек еткен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Сейдазымұлы: «Партиямыздың аудандық филиалы ұйымдастырған бірыңғай қабылдау күні тиісті деңгейде өтті. Аудан тұрғындары өздерін мазалаған сұрақтарға нақты жауап алды» деп қорытындылады.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін375
mod_vvisit_counterКеше1190
mod_vvisit_counterОсы аптада7810
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда15451
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2267120

Серіктестер