Онлайн газет



ҚОҒАМНЫҢ ҚАЗЫНАСЫ, АҚЫЛШЫСЫ-АРДАГЕРЛЕР

Төленқұл Папиев,
аудандық ардагерлер кеңесінің баспасөз хатшысы.

Жастарының ұлғаюына қарамастан, кезінде халық игілігіне етене араласқан, бүгінгі баянды тіршіліктің негізін қалаған ардагерлер, әр уақытта үй шаруасындағы қым-қиғаш тірліктерге қарамастан қоғамдық өмірге белсене араласып келеді. Олар Елбасымыздың саясатын тұрғындарға етене түсіндіру, жастарға ұлағатты тәрбие беруде қолдарынан келгенше аянбай еңбек етуде.
Осыны дұрыс болжаған аудандық ардагерлер кеңесі соңғы екі жылда аудандағы 18 ауылдық округтегі ардагерлер ұйымдарын бес аймаққа бөліп, аймақтың семинар кеңесін өткізуді жоспарлаған болатын. Жуырда ауданның ірі елдімекені саналатын Түймекент ауылдық округінің орталығында 4 округтің басын қосып, аймақтық семинар өткізді. Түймекент, Дихан, Суханбай және Жаңатұрмыс ауылдық округтері ардагерлерінің басын қосқан аймақтық семинар-кеңес жұмысы алдымен Түймекент орта мектебіндегі халық қаһарманы Ғ.Байтасовқа арналған мұражайдағы батыр бейнесіне тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Ерліктің ерен үлгісін көрсеткен батыр ұлдарына арнап гүл шоқтарын қойды. Содан кейін ауылдық мәдениет үйі алдындағы Ұлы Отан соғысында және соғыстан аман оралып, елге келіп, өмірінің соңына дейін ауданның өсіп-өркендеуіне сүбелі үлестерін қосып, еңбек еткен азаматтарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, аруақтарға құран бағыштады. Сөйтіп аймақтық семинар-кеңесі өз жұмысын одан ары жалғастырды.
Аталмыш жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рәш Шәметұлы ашып, бүгінгі басқосудың өзектілігіне тоқталды. Бұдан соң Түймекент ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бозай сөз алып, өзі төрағалық етіп отырған ұйымның атқарған жұмыстары туралы кеңінен мәлімет берді.
«Бүгін біздің ауылдық округте аймақтық семинар-кеңестің өткізілуі біз үшін үлкен құрмет  деп білеміз»-деген сөздермен бастаған төраға ауылдың ақсақалдары қоғамдық ұйымға шын ықыласпен қарайтынын, бүгінгі таңда есепте 240 ардагер мен зейнеткерлер тіркелгенін, әдістемелік нұсқау, әлеуметтік тұрмысы төмен зейнеткерлерге көмек көрсету және жастар тәрбиесімен айналысатын үш бірдей тұрақты комиссия жұмыс жасайтынын, сондай-ақ тоғыз адамнан құралған алқа мүшелері жұмыс істейтінін жеткізді.
-Арнайы бізге бөлінген қажетті жабдықтармен жасақталған жеке жұмыс кабинетіміз бар. Ардагер алқасында сол айтылған 9 адам әр аптаның сейсенбісі күні ауылдық округ әкімі және тұрақты үш комиссияның төрағаларымен өзекті мәселелерді шешіп отырамыз. Түймекент, Ақжар ауылдарында 2 үлкен орта мектеп бар. Онда 2000-ға жуық бала оқиды, олармен жұмыс жасау оңай емес. Мектеп директоры Ш.Қапарова, мектептегі бастауыш ұйымның төрағасы К.Ақназаров және мектеп директорының жастар тәрбиесі ісі жөніндегі орынбасары, ардагер ұстаз С.Мамырбаевтармен бірлесіп, балалардың тәртіптері жөнінде жұмыстар атқаруда. Сол сияқты Ақжар ауылы бастауыш ұйымының төрағасы Л.Қалабаев та ауыл жастары ортасында жүріп, оларды имандылыққа баулуда.
Алқа мүшелері әр көшелерге бекітіліп, көшенің тазалығын, тал егу, ауыз су, ағын судың жағдайын бақылап отырады. Ауылда қандайда бір келеңсіз жағдай болған жағдайда шама-шарқымыз келгенше өзіміз ақсақалдар алқасымен шешіп отырамыз.
Бұл істе ауылдық округ әкімінің көмегі мол. Кейбір тұрмысы төмен отбасыларға әлеуметтік комиссия бірлесіп, ауылдағы кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен материалдық көмек көрсетеміз.
Алда келе жатқан Ұлы Жеңістің 70 жылдығын лайықты өткізу мақсатында ардагерлер алқасы іс-шаралар жоспарын жасап, тыңғылықты әзірленудеміз- деп сөзін қорытындылады.
Келесі ретте сөз алған жоғарыда аталған ауылдық округтердің ардагерлер кеңестерінің төрағалары Қ.Бейсенбеков, А.Арыновтар өздерінің ұйымдары бойынша атқарған жұмыстарын, қосып жүрген үлестерін алдарына мақсат етіп қойғандарын жеткізді. Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары К.Беспаев таяуда облыста өткен ардагерлер кеңесінің V-пленумы барысы туралы, пленумға облыс әкімі К.Көкірекбаевтың қатысуы, алдағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына әзірлік, тағы да басқа жаңалықтармен бөлісті.
Келелі мәселелер қозғалған аймақтық семинар-кеңес жұмысын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рәш Шәметұлы қорытындылап, семинар қатысушыларына  алғысын білдірді.

Обновлено 21.08.2014 08:47
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін828
mod_vvisit_counterКеше1190
mod_vvisit_counterОсы аптада828
mod_vvisit_counterӨткен аптада8564
mod_vvisit_counterОсы айда15904
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2267573

Серіктестер