|
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Turkistan” газетіне бірген сұхбатында: “Қазіргі таңда баспасөз заман талабына бейімделіп, ақпарат айдынынан өз орнын тауып отыр. Газет тілшілері жан-жақты шолулар мен терең сараптамалар жасауға баса мән береді, ағартушылықпен айналысады. Кәсіби әрі өз ісіне адал журналистер сапалы материалдар әзірлеп, дәстүрлі құндылықтарды сақтауға елеулі үлес қосып келеді”,-деген еді. Бүгінгі басылымдар ұлт ақпаратының бастауы саналатын “Қазақ” газеті салған сара жолмен
жүріп, ағартушылық миссиясын атқаруда. “Қазақ” газеті алғаш шыққан күн - 2 ақпан кейінгі жылдары елімізде “Ұлттық басылым күні” ретінде аталып келеді. Кеше аталған мерекеге орай аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айбек Әжібаев, “Ақпараттық медиа” орталығының директоры Меруерт Тоқмолдаевалар аудандық “Ауыл жаңалығы”-”Сельская новь” газеті редакциясында болып, шығармашылық ұжымды аудан әкімінің атынан мерекемен құттықтап, өздерінің сый-сияпаттарын табыс етті. Басылым директоры Бауыржан Жақсымбетов мерекемен құттықтап келушілерге алғысын айтып, алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істей беретіндіктерін жеткізді. Келген қонақтар редакцияның ішін аралап көріп, қаламгерлердің жұмысымен танысты.
* * * Қазақ баспасөзі - ұлт тарихының, бүгінгі барлық саладағы жаңалықтың жаршысы. Сонымен қатар баспасөз-жұртқа қызмет ететін құрал. Оқырман баспасөзден біліммен қатар жан азығын іздейді. Жылдам өзгеріп жатқан әлемде адамдарға шынайы ақпарат беру мен дұрыс бағыт-бағдар беру өте маңызды. Редакция ұжымын осы күні “Аmanat” партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева да өз мамандарымен келіп құттықтап, ізгі тілегін білдірді, құрметін көрсетті. Басылым директоры Бауыржан Жақсымбетов аманаттықтардың құттықтауын қабыл ала отырып, алғысын білдірді. Алдағы уақыттарда бірге қоян-қолтық араласа отырып, жұмыс жасайтындығын айтты.
“Ауыл жаңалығы” - ақпарат. |