Онлайн газет



ЕКІ МЫҢНАН АСА ҰСЫНЫС ТҮСТІ

Мемлекет басшысы Конституциялық комиссияның төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы-Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары-Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі-Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Мемлекет басшысына Конституциялық комиссияның бұған дейін өткен отырыстарының нәтижесі туралы мәлімет берілді. Эльвира Әзімова Комиссия қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында барлық отырыс медиа кеңістікте, соның ішінде арнайы телеграм арналары арқылы тікелей көрсетіліп жатқанын баяндады.
Конституциялық комиссия төрағасы жарты жыл бойы Конституциялық реформаларды қоғамдық талқылау өткізілгенін айтты. Электронды платформаға азаматтардан, құқықтанушы ғалымдардан, сарапшылардан, заңгерлерден, саяси партиялардан, үкіметтік емес ұйымдардан, кәсіптік және бизнес қауымдастықтардан 2 мыңнан аса ұсыныс пен бастама келіп түскен.
Осыған дейінгі отырыстарда Комиссия мүшелері Конституция преамбуласының түбегейлі жаңа редакциясын, бірқатар баптарды және бөлімдерді әзірлеп, қарастырды.
Мемлекет басшысы алдағы Конституциялық реформа еліміздің дамуына тың серпін беретінін атап өтті. Ал Комиссия жұмысы Конституциялық реформаларды іске асыруда өте маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

Aq jol-Aqparat.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1013
mod_vvisit_counterКеше2697
mod_vvisit_counterОсы аптада6379
mod_vvisit_counterӨткен аптада25816
mod_vvisit_counterОсы айда36288
mod_vvisit_counterӨткен айда152172
mod_vvisit_counterБәрі3566529

Серіктестер