Онлайн газет



Партия жобасы-іс жүзінде

Ж.Айтқұлов,
аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауына, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек – Будущее без барьеров» жобасы аясында Байзақ ауданы бойынша мүмкіндігі шектеулі  азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері өз шешімін табуда.
Аудан бойынша 2014 жылдың 1-ші тамызына жалпы мүгедектер саны 2898, оның ішінде: 1-ші топтағы мүгедектер саны 497, 2-ші топтағы мүгедектер саны 1085, 3-ші топтағы мүгедектер саны 962, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны 354.
Бүгінгі күнге аудандағы 2047 2-3 топ мүгедектері арасынан 626 мүгедек әр түрлі салада қызмет атқаруда (оның ішінде тұрақты жұмыс атқаратындар және өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендер), ал 281 адам жұмыс істеуге ниет білдіріп отыр.
Ағымдағы жылдың 7-ші ақпанында ауыл округтеріне зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін 2-3 топ мүгедектерінің тізімдері жіберіліп, осы бойынша зерделеу жұмыстары аяқталды. 14-ші ақпан күні ауыл округтері әкімдері мен бөлім басшылары және жұмыс берушілермен жиналыс өткізіліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үш пайыздық мөлшерінде квота «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2 тармақшасына сәйкес (жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы) 2012 жылдың 27 қаңтарында Байзақ ауданы әкімдігінің №21 қаулысымен бекітілгендігін, соған байланысты аудан көлемінде  де мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыстар жүргізілуі керектігі түсіндірілді. Тұрақты жұмыс орындарына ағымдағы жылы 10 мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру жоспарланса, бүгінгі күнге орналастырылғаны – 25. Оның ішінде: тұрақты жұмысқа 7 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа – 13 адам, жастар практикасымен – 3 адам және әлеуметтік жұмыс орынға – 2 адам орналастырылды.
Елбасы өзінің бағдарламалық тапсырмасында еліміздің әлеуметтік дамуының басым бағыттарын тағы бір тиянақтап, алда атқарылар істердің ауқымын нақты талдап белгілеп берген 20 тапсырманың барлығы да еңбек қоғамын құруға, салауатты ұрпақ тәрбиелеуге, өркениетті елдер өнегесінен үлгі алуға, әлеуметтік еңбек қарым – қатынасын дамытуға бағытталған, сондай-ақ, бұл жолы да кәсіби біліктілікті жетілдіруге, адам мүмкіндігінің деңгейін көтеруге, медицина қызметінің сапасын арттыруға және қолжетімділігін қамтамасыз етуге, әлеуметтік әділетті өмір салтын қалыптастыруға айрықша назар аударған.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін464
mod_vvisit_counterКеше1241
mod_vvisit_counterОсы аптада6709
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда14350
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2266019

Серіктестер