Онлайн газет



ЖАҢА ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ

«Ердос» шаруа қожалығында өткен семинар осы тақырыпқа арналды

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет. Әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру үшін бізге мыналар қажет. Егістік алаңын ұлғайту. Мұндай мүмкіндік барлық елдерде бірдей жоқ екенін атап өтемін. Егістік түсімін, ең алдымен жаңа технологиялар енгізу есебінен елеулі көтеру қажет. Біз әлемдік деңгейдегі мал шаруашылығы жем-шөп базасын құру үшін үлкен әлеуетке иеміз. Біз экологиялылыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз. Нәтижесінде мен агроөнеркәсіптік кешеннің алдына – экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы болу міндетін қоямын», деп ерекше атап, ел алдына болашаққа бағыт боларлық ұзақ мерзімді міндет жүктеді.
Ал 2014 жылдың 17 қаңтары күні жария еткен «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында Президент Нұрсұлтан Назарбаев аграрлық ғылымның, оның ішінде, гендік жаңғыртылған дақылдар әзірлеудің арқасында Қазақстан өңірлік ірі ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылардың біріне айналатындығын айтты. «Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды.
Бұл – біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке деген қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады. Сондықтан бүгінгі фермерлер тек уақытша әрі ауа райына байланысы кездейсоқ жетістіктерге малданып қалмай, өндірістің өсімі жөнінде ойлануға тиіс. Жаһандық ауыл шаруашылығы өндірісінде бәсеке өсе беретін болады. Жермен жұмыс істейтіндер, ең алдымен жаңа технологияларды енгізіп, өнімділікті үздіксіз арттыратындар, жұмысын әлемдік стандарттар негізінде жүргізетіндер болуы керек. Бірінші кезекте, әсіресе, баға қалыптастырудың ашық механизмдері арқылы тиімді жер нарығын құру маңызды. Ауыл шаруашылық жерлерін инвестиция тарту және озық технологиялар енгізуді ескеріп, жалға бергенде ғана бәсеке күшейеді. Ауыл шаруашылығында бизнестің дамуына, фермерлер кооперациясы үдерісіне, жерді тиімді пайдалануға бөгет жасайтын барлық кедергіні жойған жөн», деді Мемлекет басшысы.
Бұл міндеттерді ой елегінен өткізіп, тереңірек түсінетін болсақ, еліміздің аграрлық саласында ауқымды да сапалы жаңғыртулар жүргізілуі тиіс. Оның негізгі мақсаты – ел тұрғындарының сұранысын қамтамасыз етіп, әлемдік нарыққа лайықты кіріге алатын тиімді агроөнеркәсіптік жүйе қалыптастыру болуы керек. Қазір осыған орай азық-түлік қауіпсіздігі сияқты еліміздің тұрақты даму тұрғысынан өте өзекті міндетті нәтижелі шешу үшін мемлекет тарапынан азық-түлік тәуелсіздігін, ауылдық аумақтардың орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар жүргізілуде.
Қазіргі таңда Елбасының Жолдауын орындау мақсатында өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін арттыру мен сапасын жоғары деңгейге көтеру үшін ауыл шаруашылығы саласына озық технологияларды ендіруге байланысты жұмыстар жүйелі түрде атқарылып келеді. Аптаның бейсенбісі күні «Ердос» шаруа қожалығының егістік алқабында өткен семинар осы мәселеге арналды.
Аталмыш семинар жұмысына аудан әкімі, оның орынбасарлары, бөлім басшылары мен сала мамандары, шаруа қожалықтар мен жеке кәсіпкерлер қатысты.
Семинарды ашқан аудан әкімі Мұратхан Шүкеев Елбасымыздың жыл сайынғы Жолдауларында алға қойып отырған мақсаттарының бірі ретінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету екендігін айта отырып, бүгінгі ұйымдастырылып отырған семинардың маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ аудан басшысы көрші Ресеймен арадағы келісім нәтижелілігі, ұсақталған шаруаларды ірілендіру, «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасының тиімділігі, қарапайым технологиямен өсірілген өнімге берілетін субсидия мен жаңа озық технологиямен өсірілген өнімге берілетін субсидияның айырмашылығы, әлемдік деңгейдегі су тапшылығының айқын сезілуі, тамшылатып суару технологиясының артықшылықтары жөнінде кеңінен сөз қозғады. Сонымен қатар, салыстырмалы түрде 2012 жылы аудан аумағында 95 гектарға тамшылатып суару технологиясы енгізілсе, өткен жылы аталмыш технологияның 193 гектарға, ал үстіміздегі жылы 400 гектарға жетіп отырғанын айтты.
Келесі ретте сөз алған аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Болат Сағынбеков «Ердос» шаруа қожалығының 38 гектар аумаққа еккен пияз өнімін мысалға ала отырып, тамшылатып суару әдісінің тиімділігін жан-жақты ашып берді. Сондай-ақ бөлім басшысы өз сөзінде «ҚазАгроФинанс» АҚ Жамбыл облыстық филиалы тарапынан берілетін несиелер, оларды алу жолдары мен филиал қызметкерлерінің көрсетіп жатқан қолдауларын жеткізе келе, семинар қатысушыларын жаңа технологияны көптеп енгізуге шақырды.
Бұдан кейін «Ердос» шаруа қожалығының басшысы семинар қатысушыларына жаңа озық технологияның тиімділігі туралы түсінік берді. Тамшылатып суару әдісі арықпен суару әдістеріне қарағанда тиімді. Бұл жаңа технологияның агрономдық, агротехникалық, экономикалық тұрғыдан артықшылығы жоғары. Арықпен суару өнімділігі 20-35 пайыз, тамшылатып суару 85-98 пайызға дейін өнім бере алады.
Рас оны орнатып, іске қосуға қаражат қажет. Дегенмен, есептеулер көрсеткендей, бірнеше жыл ішінде жұмсалған шығын толығымен өтеліп, кейінгі жылдарда өнімнің өзіндік құны анағұрлым төмендейді. Жұмсалатын су шығыны үш есе аз болатыны өз алдына, бұл технология тыңайтқыштарды да екі есе үнемдеуге жол береді. Берілетін тыңайтқыштар осы суарумен бірге берілетін болады. Сондай-ақ жұмысшы күшке де қажеттілік төмендейді. Яғни, атызды қолмен суаратын адамдар саны кемиді. Жердің тозбауына жол бермей, сорланудың алдын алады. Өсімдіктің түбі мен тамырына ғана су жеткізіледі. Сол себептен егістік алқапқа арамшөп аз шығады. Тамшылатып суарудың тиімділігі - өсімдік қорегін тұрақты алады және ылғалды жерде өседі. Ең бастысы өнімнің өнімділігі анағұрлым арта түседі.
Осы суару әдісін қолданған шаруашылықтарға мемлекеттен арнайы субсидия да бөлінеді. Өткен жылы жанар-жағар май және басқа да тауарлық - материалдық шығындарын өтеуге тамшылатып суару технологиясымен егіс еккен шаруашылықтардың әр гектарына 25000 теңгеден субсидия төленсе, биылғы жылы тамшылатып суару технологиясын қолданған шаруашылықтарға әр гектарына 90000 теңгеге дейін субсидия төленуге қол жеткізілді. Бұл қолдау жылдан-жылға ұлғая беретін болады.
Семинардан соң оған қатысушылар іс жүзінде жаңа технологияны қолдану әдістерімен танысып, өзара пікір алмасты. Басқосуды аудан әкімі Мұратхан Шүкеев қорытындылап, мемлекеттік бағдарлама арқылы шаруаларға көрсетіліп жатқан мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға шақырды.

Обновлено 18.08.2014 16:53
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін151
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада2312
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда18942
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2270611

Серіктестер