Онлайн газет



Акцияға үн қосуда

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқумен толық қамтуды қамтамасыз ету және көп балалы, аз қамтылған отбасылар балаларына материалдық көмек көрсету жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында елімізде 2009 жылдан бері «Мектепке жол» акциясы өткізіліп келе жатқаны мәлім. Деректерге сүйенер болсақ, осы жылдар ішінде республика бойынша 8 млрд. 300 млн. теңгеге барлығы 2 млн. балаға көмек көрсетілген екен. Дәстүрлі акция биыл да өз жалғасын табуда.

Ауданымыз бойынша былтыр аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларынан шыққан, жетім және қамқоршылықтағы 572 балаға жалпыға міндетті қор есебінен 2 млн. 39 мың теңгеге спорттық киімдер әперілсе, демеушілер тарапынан  2 млн. 670 мың теңгеге 534 бала мектепке қажетті киім-кешек, оқу құралдарымен қамтылды.
Үстіміздегі жылы «Мектепке жол» акциясы 1 тамызбен 30 қыркүйек аралығында «Балаға мейірім сыйла» атты үндеуімен өткерілуде. Акцияға алғашқылардың бірі болып аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау және спорт бөлімдері үн қосты. Атап айтар болсақ, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д.Жақыпбеков Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясының  оқушылары А.Мамай, К.Бердібайға қаржылай көмек қолын созса, спорт бөлімінің басшысы Ә.Омаров осы білім ошағының 8-сынып оқушысы С.Корагалиевке спорттық киім-кешек тарту етті.
Игі дәстүрдің ізін жалғай келе, бейсенбі күні «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Тлепов те осындағы 8-ші, 9-шы сынып оқушылары Н.Мейірланқызы мен Д.Шахматоваға мектепке қажетті сөмке мен оқу құралдарын табыстады.
Балаларды алда келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтаған Нұржан Сейдазымұлы оқушылардың оқуда озат болуына тілектестігін білдірді. Өз кезегінде Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясының директоры  Г.Жаманова мен социолог А.Абдукаймова демеуші азаматтарға балғын балақайларға қуаныш сыйлағаны үшін алғыстарын жеткізсе, ыстық ықыласқа бөленген оқушылар тарапынан да ризашылықтар айтылды.
“Мектепке жол” акциясы қыркүйек айының соңына дейін жалғасатындықтан, оған қолдау көрсететін жандардың көбейе түсетініне сеніміміз мол.

Өз тілшіміз.

Обновлено 18.08.2014 16:49
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1502
mod_vvisit_counterКеше1554
mod_vvisit_counterОсы аптада1502
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда18132
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2269801

Серіктестер