Онлайн газет



СПОРТ-ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Кез – келген мемлекеттің қуатты болуы, еңбекке қабілетті, ой еңбегі мен дене еңбегін қатар алып жүретін тәні мықты, рухы биік жандары көп елде ғана жүзеге асады. Халық даналығында: «Тәні мықтының, рухы мықты», «Дені саудың, жаны сау», «Денсаулық-басты байлық», «Спорт-денсаулық кепілі» - деген сөздердің мәні тереңде жатыр.
«Мемлекетіміздің басты байлығы — ұрпақ саулығы» деп Елбасымыз айтқандай, халықтың денсаулығы басты қазынамыз екендігі рас. Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласын жақсарту мақсатында көптеген жұмыстар қолға алынып, ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеміз.
Ал, спортты денсаулық кепілі дейтін болсақ, ел намысы сыналатын салада да біршама өзгерістер орын алып келеді. Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында 2020 жылға дейін бұқаралық спортпен айналысатын қазақстандықтардың санын 30 пайызға жеткізуді тапсырғандығы белгілі. Осыған байланысты еліміз аумағында түрлі үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, спорттық жарыстар, фестивальдер ұйымдастырылуда. Біздің өңір де айтулы істерден қалыс қалып жатқан жоқ.
Спорт күні кәсіби мерекесіне орай, аудандағы спорт саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әділхан Омаровтың мәліметін назарларыңызға ұсынбақпыз.

Ауданымызда өткен жыл мен үстіміздегі жылдың алғашқы жарты жылдығында салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары бойынша аудан тұрғындары арасында өткізілетін  жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2013 жылы  барлығы - 117  іс-шаралар өткізіліп, оған 25238 адам қамтылса, 2014 жылдың І жарты жылдығында барлығы 57 іс-шаралар ұйымдастырылып, оған қамтылғандар саны 14776 адамды құрады.
Ауданда 2013 жылы жүйелі түрде спортпен  шұғылданушылар саны- 19900 адам болса, ол сандық көрсеткіш 2014 жылы 20772-е жетіп, жалпы халық санының 21,9 пайызын құрады. Бүгінгі күні ауданымызда мамандандырылған 2 спорт мектептері жұмыс істейді. Спорт мектептерінде  998 балалар мен жасөспірімдер спорттың 14 түрімен айналысады. Аудан мектептерінде 174 дене тәрбиесі мұғалімдері жұмыс істейді. 36 орта мектепте 121 спорт секцияларында 2039 бала 9 спорт  түрімен айналысады.
Бүгінгі таңға ауданда 68 ұйымда 276 спорт секциялары жұмыс атқарады. 2012 жылы ол 266 болған. Спорт секцияларының арту себебі – ауылдарда спорт мектептерінің бөлімшелерінің ашылуы және жергілікті тұрғындардың спорттық нысандарға қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мектептерде сабақтардан бос уақытта спортпен айналысуына білім бөлімі тарапынан қолдау көрсетілуі. Атап айтатын болсақ, білім бөлімі басшысының 2012 жылғы 16 мамырдағы №302 бұйрығымен мектептердің дене шынықтыру пәндері мұғалімдеріне сабақтан тыс уақытта тұрғындардың спортпен айналысуына жағдай жасау туралы тапсырма берілген. Бүгінгі таңға  барлық елдімекендердің  білім беру мекемелерінің 29 спорт залдарында ауыл тұрғындарының спортпен айналысуларына мүмкіндік жасау мақсатында кешкі, сабақтан тыс уақытта әртүрлі спорт түрлері бойынша кестелер жасалған.
2013 жылы маусым айында Сарыкемер ауылында өткен «Ауыл жастары» спорттық ойындарында спорттың 8 түрінен де команда жасақталып, нәтижесінде командалық 1 орынды жеңіп алды. 2013 жылдың тамыз айында Құлан ауылында «Спорт денсаулық кепілі» ұранымен өткен облыстық спартакиадада аудан командасы жүлделі екінші орынға қол жеткізді.
Жасөспірімдер арасында отансүйгіштік қасиетке тәрбиелеу мақсатында «Халық каhарманы», жерлесіміз Ғ.Байтасовты еске алуға арналған волейболдан Түймекент ауылында ауданаралық ашық біріншілік ұйымдастырылды. Бұл біріншілікке Тараз қаласы және 8 ауданнан 14 команда қатысты. Жарыста біздің ауданның командасы жүлделі екінші орынды иеленді.
Спорттың дамуына қолдау көрсету мақсатында спорттық іс-шараларды өткізуге жыл сайын аудандық бюджеттен мақсатты қаржылар бөлінуде. Атап айтқанда, 2011 жылы   -  3500,0 мың теңге, 2012 жылға  -  3355,0  мың теңге,       2013 жылға  -  3000,0 мың теңге және 2014 жылға  - 4180,0 мың теңге бөлініп отыр.
Байзақ ауданы бойынша 1 стадион, 3 атқыштар тирі, 120 қарапайым спорт алаңдары, 31 спорт залы, жекеменшіктегі 4 бильярд залы тұрғындарға қызмет етеді. Бір стадион, алаңдардың үшеуі, спорт залдардың біреуі спорт мектептерінің теңгерімінде болса, қалған спорттық нысандар жалпы білім беретін мектептердің қарамағында.
Спорттық секцияларға жасөспірімдерді тарту, олардың қызығушылығын арттыру мақсатында биылғы жылы балалар мен жасөспірімдер арасында Байзақ ауданы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің, білім бөлімінің, жалпы білім беретін және спорт мектептерінің бірлесе ұйымдастыруымен 5000-ға жуық мектеп оқушыларын қамтыған 26 спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Олардың ішіндегі ең ауқымдылары мен деңгейі жоғары спорттық іс-шаралар қатарында, атап айтқанда, волейболдан 1996-1997 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған облыстық турнирі, бокстан Нұржаубаев Жандос Жемісбекұлын еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы облыстық турнирі, мектеп оқушылары арасындағы Мектеп лигасы спорттық ойындар жарысы, футболдан Юсупов Біржан Ермекбайұлын еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы турнир және аймақтық, аудандық спорттық іс-шаралар жасөспірімдердің спортқа көптеп тартылуына түрткі болуда.
Ауданымызда 2014 жылдың қаңтар-мамыр аралығында салауатты өмір салтын насихаттау мен бұқаралық спортты дамыту жұмыстары бойынша спорттық іс-шаралардың 2014 жылға арналған күнтізбелік жоспарына сәйкес, 35 іс-шара өткізіліп, оған барлығы 4197 адам қамтылды. Олардың ішінде, жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері арасындағы аудандық спартакиадасы ақпан айында өз деңгейінде өткізілсе, ұлттық спорт түрлері бойынша қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне арналған Республикалық турнирінің іріктеу жарыстарының І-ші (21 наурызда Сарыкемер, Көктал, Көкбастау аймақтары) және ІІ-ші кезеңі (Сарыкемер ауылы) бойынша болып өтті. Ауданнан іріктелген балуандар Қасым Бекзат пен Равиль Махмудов облыстық іріктеу жарыстарына жолдама алды. Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 17 мамырда ауылдық округтердің командалары арасында жазғы спорт маусымының ашылуына арналған аудандық спартакиада болып, кешенді іс-шараға 300-ге жуық спортшы қатысты.
Сондай-ақ Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған көпшілік спорттық ойындары 6 спорт түрінен, яғни  арқан тарту, қазақ күресі, бөренеге өрмелеу, кір тасын көтеру, үстел теннисі мен қол күресінен Сарыкемер ауылының орталық алаңы мен саябағында өткізіліп, іс-шараға барлығы 108 адам қамтылса, мамыр айының мерекелік күндері 1, 7, 9, мамыр күндері ауыл тұрғындарына арналған бұқаралық спортты насихаттау мақсатындағы көпшілік спорттық ойындары Сарыкемер ауылының орталық алаңында өтті. 
Үстіміздегі жылдың ақпан айында басталған мектеп пен колледж оқушылары арасындағы облыстық спартакиадасына аудан командалары қатысып, жалпы командалық есепте ІІ орынды иеленді.
Аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен оқушылар арасында нашақорлыққа, маскүнемдікке қарсы 30-ға жуық шара өткізілді. Ондағы баса насихатталған тақырыптар арасында нашақорлық, маскүнемдік пен темекішегушіліктің алдын алу бар.
Сонымен қатар, ауданымыздағы дене мүмкіндігі шектеулі азаматтар да дене шынықтыру мен спорттан тыс қалған емес. Бірінші тоқсанда азаматтар арасында алдын-ала іріктеу жарыстары өткізіліп, құралған аудан командасы Тараз қаласында 26-28 ақпан аралығында өткен дойбы мен тоғызқұмалақтан дене мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы облыс чемпионатына қатысып, нәтижесінде екі спортшымыз жүлделі үшінші орынды иеленсе, бір спортшымыз чемпион атанып, республикалық жарысқа жолдама алды.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың 20-23 маусымында Байқоңыр қаласында өткен самбо күресінен 1998-2000 жылдары туылған жасөспірім ұл-қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Әміртаева Жадыра 44 келі салмақта бірінші орын алса, Сәлімбаев Нұрзат 46 келі салмақта жүлделі екінші орынды, Нұрмахамбетова Рауза 48 келі салмақта, Үсіпұлы Ернар 50 келі салмақта, Серік Асылбек 55 келі салмақта, Медиманов Ғанибек 84 келі салмақта жүлделі үшінші орынды қанжығаларына байлады.
Жапония мемлекеті Цендай қаласында қол күресінен өткен жастар мен ересектер арасындағы ХІІІ Азия ойындарында Каримбаева Лаураға қарсылас шақ келмесе, Қазақстан Республикасы Ауыл жасөспірімдері ІІ жазғы ойындарында қазақ күресінен 46 келі салмақта Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектебінің оқушысы Көпейсінов Есен бірінші орын иегері атанды. Сонымен қатар, осы бәсекеде асық ату, бестас ойындарынан Үлгілі орта мектебінің оқушысы Бейшенбекқызы Айгерім бірінші орын, үстел теннисінен Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясы оқушылары Ақжолтай Арайлым, Жексенбай Айдана, Тұрсынбек Саяжан, Ынтымақ Мирас, Махатов Мұраттар жүлделі екінші орынды иеленген болатын.
Спорт қай заманда да адамзатты бейбітшілік пен берекелі тірлікке үндеп келеді. Қоғамның әл-ауқатының басты көрсеткіші-адамның денсаулығы болса, оны нығайту мен салауатты өмір салтын қалыптастыруда да спорттың алар орны ерекше.
Мемлекетімізде дене тәрбиесі мен спортқа жасалып жатқан қамқорлықты болашақтың кепілі деп түсінуіміз керек. Бүгінде спорт саласының дамып-өркендеуі үшін мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалып жатыр десек артық болмас.
Айтулы  төл мерекемізде барлық спортшылар мен олардың бапкерлерін, ардагерлерді, спорт қауымдастығын шын жүректен құттықтағым келеді.  Сіздерге  зор денсаулық, жеңіс  жолында табыстарға жетіп,  Қазақстанның даңқын арттыра  берулеріңізге  тілектеспін.

Обновлено 18.08.2014 16:44
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1321
mod_vvisit_counterКеше1190
mod_vvisit_counterОсы аптада1321
mod_vvisit_counterӨткен аптада8564
mod_vvisit_counterОсы айда16397
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2268066

Серіктестер