Онлайн газет



АЙТАР АЛҒЫСЫМ МОЛ

А.Дәулетбаева,
Сарыкемер ауылының тұрғыны.

Мен еңбек ардагерімін,  зейнеткерлік демалыстамын. Әлдеқалай себептермен аяқ астынан бір адамның арбауына

түсіп қалсам болар ма. Әлгі кісі балаларыма үй алып берсем деп отырған қаржымның бір бөлігін қарызға алып, әне-міне деп сөзбалап қайтармай қойды. Ақыры сотқа жүгінуге тура келді. Ақшаны қайтару туралы сот шешімі орындаушының қолына тапсырылды. «Беремін деп» оны да алдап жүріп алды. Осы кезде үй жалдап, алты жыл баспанасыз жүрген балаларымның қиналғанын көрсеңіз ғой. Бір ақыл берер деп «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалына бардым. Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Тлепов жылы қабылдап, ақыл-кеңес беріп, жөн сілтеді. Бұл іске облыстық және аудандық прокуратура қызметкерлері де араласты.  Бүгінде бұл мәселе толық шешімін тапты. Балаларым баспаналы болып, көңіліміз жай тапты. Осындайда  ақыл-кеңесін, тікелей қол ұшын берген «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының және аудандық сот, прокуратура қызметкерлеріне аналық алғысымды айтқым келеді. Дендерің сау, әрқашан еңбектерің жемісті бола берсін  деймін.

 

Обновлено 15.10.2012 15:11
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін35
mod_vvisit_counterКеше1480
mod_vvisit_counterОсы аптада4571
mod_vvisit_counterӨткен аптада10842
mod_vvisit_counterОсы айда30264
mod_vvisit_counterӨткен айда32286
mod_vvisit_counterБәрі2680480

Серіктестер