Онлайн газет



Республикалық сайыста алдыңғы орында

2014 жылдың 6-10 тамызы аралығында Тараз қаласында 1997-1999 жылдары туылған жасөспірімдер арасында  Қазақстан Республикасы жасөспірімдерінің ІІ жазғы ауыл ойындары өткен болатын. Онда бақ сынаған  Байзақ аудандық Ж.Үшкемпіров атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің  оқушысы Есен Көпейсінов

(қазақ күресінен 46 келі салмақ дәрежесінде, жаттықтырушысы Бошқай Абылай) бірінші орын иегері атанды.
Ал,  бестас ойынынан  Бейшенбайқызы Айгерім (жаттықтырушысы Сұлтанбеков Ғаниғаппар) бірінші орынды қанжығасына байлап, мерейімізді үстем етті.
Үстел теннисінен ұлдар арасында өткізілген бәсекеде Хасанов Нұрсұлтан, қыздар арасындағы ойында Тұрсынбек Саяжан мен Жексенбай Айданалар (жаттықтырушысы Айтбеков Аслан ) екінші орынды місе тұтты.
Сонымен Жамбыл облысы Қазақстан Республикасы жасөспірімдерінің ІІ жазғы ауыл ойындары бойынша, атап айтқанда, қазақ күресі, волейбол, еркін күресі, үстел теннисі, асық ату, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, таэквандо, кіші футбол сынды  спорт түрлерінен  қорытынды есепте 14 облыс арасынан екінші орынды иеленді. Осылайша абыройымызды асқақтатқан аудандық спортшыларға алдағы уақытта да тек қана жеңістер тілейміз.

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 18.08.2014 16:40
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1366
mod_vvisit_counterКеше1554
mod_vvisit_counterОсы аптада1366
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда17996
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2269665

Серіктестер