Онлайн газет



Балалар ойдағыдай демалды

Жайдары жаз мезгілі балғын балақайлар үшін қызыққа толы күндермен есте қалары анық. Өйткені бұл уақытта ұл-қыздарымыз асыр сала ойын ойнап, ата-әжесіне қонаққа барады. Кішкентайлардың енді бір легі жазғы сауықтыру лагерлеріне демалуға барады.
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, 2011-2015 жылдарға арналған жазғы каникуль кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы” ҚР Премьер-Министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы №86-ө өкімін жүзеге асыру мақсатында аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының мұрындық болуымен ауданымызда алғаш рет шілде-тамыз айларында тамақтанбайтын күндізгі уақыттағы лагерлер ұйымдастырылған болатын. Орталық директоры А.Кокишев бас болып  мұндағы тәлімгерлер балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін барлық күш-жігерлерін жұмсады. Ауданымыздағы Ынтымақ елді мекеніндегі Ш.Уәлиханов және Қарасу орта мектептері мен аудан орталығы Сарыкемерде жұмыс істеген тамақтанбайтын күндізгі уақыттағы лагерлердің 4 тобына 40 бала қамтылса, олар “Қарлығаш”, “Көгершін”, “Жалын” топтары болып бөлініп, “Бұлбұл үн”, “Көркем оқу”, “Шебер қолдар” үйірмелеріне қатысты. Лагерде сонымен қатар, балғын балақайлар түрлі спорттық ойындардан жарысқа түсіп, гүлдерге су құйып, кітап оқып, компьютерде білімдерін шыңдады.

Өз тілшіміз.

Обновлено 18.08.2014 16:39
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін366
mod_vvisit_counterКеше1190
mod_vvisit_counterОсы аптада7801
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда15442
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2267111

Серіктестер