Онлайн газет



БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ - БАСТЫ НАЗАРДА

Азық-түлік бағасының төмен болуы– қарапайым халық үшін аса маңызды. Сондықтанда халық күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасын тұрақтандыру– маңызды міндет.
Осы орайда аудан әкімі Олжас Баққараев, Сарыкемер ауылдық округінің әкімі Еркін Заурбеков, аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Айбек Тасеменовтер тиісті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында сауда орындарындағы маңызды тауарлардың сауда үстемесін 15 пайыздан асырылмауын қадағалау мақсатында орталықтағы бірқатар сауда нүктелерін аралап шықты. Сонымен қатар, ондағы шекті бағалар бекітілген 18 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне зерделеу жасады.
Топ мүшелері аудан орталығындағы «Корзинка-2», «Аққу», «Бегей-2», «Арзан» сауда орталығында болды. Олардың бірқатарында әлеуметтік маңызы бар тағам түрлері қойылған шекті бағамен сатылып жатса, кейбірі одан да төмен бағада саудалануда екен. Ал, кейбір сауда нүктелерінде кәсіпкерлер тауарлардың көтерме сауда орындарынан сатып алу құнының жоғары болуымен байланыстырып, әлі де аталмыш азық-түлік өнімдеріне бағаны түсірмей отырғаны  анықталды. Оларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарына сай туындайтын әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді.

Ақпараттық медиа орталығы.

Обновлено 09.01.2026 12:05
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін645
mod_vvisit_counterКеше4434
mod_vvisit_counterОсы аптада28028
mod_vvisit_counterӨткен аптада31090
mod_vvisit_counterОсы айда50328
mod_vvisit_counterӨткен айда119195
mod_vvisit_counterБәрі3820606

Серіктестер