Онлайн газет



«Үздік жыл әдіскері -2014» анықталды

Ф Байсариева,
«Балдырған»  балабақшасының  сазгері.

«Балдырған» балабақшасы  30  жылдық  тарихы  бар  мекеме.  Осы  балабақшада бірнеше  жыл  бойы  жоғары  санатты,  білікті  де  білімді  маман,   әдіскер  Мыхыева Толғанай  Қуанышқызы  қызмет  етіп  келеді. Міне, сол білікті маманның ұйытқы болуымен балабақшада  үнемі   түрлі  семинарлар,  ата-аналардың  қатысуымен  іс-шаралар,  денсаулық  күндері,  қуыршақ  театры  ұйымдастырылып,  қазіргі  заман  талабына   сай  оқу –іс  әрекеттер,  тренингтер   өткізіліп  отырады.
Жақында  облысымызда  «Өрлеу»  БАҰО  АҚ  Филалы  Жамбыл  облысы  бойынша  педагогикалық  қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  институтында  Мектепке  дейінгі  білім беру  ұйымдарының   әдіскерлері  арасында  «Үздік  жыл  әдіскері»  байқауы  өтті.  Осы  ғылыми   әдістемелік  байқауда  біздің  Толғанай  Қуанышқызы  алты   ауданның  ішінен    жүлделі  орын  алып  келді.  Ол  ауданымыз  үшін де, «Балдырған»  балабақшасының  ұжымына да үлкен  мақтаныш болды.
Бойында  ұлттық  сана,  ұлттық  психология  қалыптасқан  бүгінгі  қоғам  мүддесіне  лайықты  жан – жақты парасатты   азамат     тәрбиелеп  өсіру  міндеті   үздіксіз  білім  берудің  негізгі   бастау   бұлағы  болып  табылады. Осы   қасиеттерді   бойына  сіңірген    әдіскер  Толғанай  Қуанышқызының   алатын  белестері  әлі де  көп деп сенеміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін633
mod_vvisit_counterКеше1241
mod_vvisit_counterОсы аптада6878
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда14519
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2266188

Серіктестер