Онлайн газет



ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Аудандық Төтенше жағдайлар, №8 Өрт сөндіру бөлімі және “КазТрансГазАймақ” акционерлік қоғамы Байзақ газ учаскесінің қызметкерлері  аудандық “Жастар ресурстық орталығының” еріктілерімен бірлесіп, жергілікті тұрғындарға жылыту маусымы кезеңінде «Өрт қауіпсіздігі», «Балалардың отпен ойнауы», «Улы газбен улану» тақырыптарында профилактикалық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.
Рейд барысында Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері үйлерді жылытуға арналған газ жабдықтарын, газ құбырларының дұрыс монтаждалуын, тұрғындардың өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауын тексеріп, тұрғындарға төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік шараларын үйретуде. Газ жабдығын дұрыс пайдалану туралы жадынамалар таратуда. Ал газ қызметінің өкілдері жылыту жабдықтарының техникалық жай-күйін үнемі тексеру қажеттігін айтып,  пәтер немесе үй ішіндегі жылыту құралдарының ақауына меншік иелері жауап беретіндігін түсіндіруде.
Тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы, тұрмыстық электр техникасы мен электр сымдарын пайдалану қауіпсіздігінің бұзылуы, пеш мұржаларының ақаулығы, балалардың отпен ойнауы секілді салғырттықтар – өрттің басты себептері. Сондай-ақ, кейде адамдардың мас күйінде темекі шегуінен де от тұтанады. Статистикалық мәлімет бойынша, әр 3 өрттің бірі пештің ақауынан шығады. Ал төтенше жағдайдың салдары адамдардың денсаулығы мен өміріне орны толмас зиян, материалдық шығын әкеледі.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда Бірыңғай құтқару қызметінің «101» немесе «112» телефоны бойынша хабарласыңыздар.

Ержан Әбдірәимов,
аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны.

Обновлено 09.01.2026 11:55
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1963
mod_vvisit_counterКеше4380
mod_vvisit_counterОсы аптада26550
mod_vvisit_counterӨткен аптада32234
mod_vvisit_counterОсы айда79094
mod_vvisit_counterӨткен айда133958
mod_vvisit_counterБәрі3457163

Серіктестер