Онлайн газет



ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!

31 желтоқсан күні, аудан жұртшылығы Ақәділ Суханбаев атындағы орталық саябақта бас қосып, 2025 жылды шығарып салып, Жаңа жылды айрықша  қарсы алды.
Шара барысында аудан әкімі Олжас Баққараев жиналғандарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, өткен жылдағы атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген жетістіктерді атап өтті. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа береке мен бақ, тыныштық пен тұрақтылық әкелуіне тілектестігін білдірді.
Жаңажылдық іс-шара күміскөмей әншілер Динара Диханбаева мен Дамира Жұмабекованың орындауындағы «Жаңа жыл» әнімен ашылды. Одан әрі Асхат Жанқожа, Берік Жорабеков, Нұрбол Дүйсенқұл, Бақжігіт Жұмағұлов және Дидар Базарбаевтың орындауындағы попурри көпшілікке ұмытылмастай әсер сыйлап жатты. Сондай-ақ шара барысында көрермендермен түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылды. Белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталып, спорт түрлерінен өткен жарыстар тартысты болды.
Жасыл шырша маңына жиналған қалың қауым бір-бірін жаңа 2026 жылмен құттықтаса, бүлдіршіндер асыр салып ойнап, түрлі-түсті отшашуларды қызықтап жатты...
Өткен жыл еліміз үшін жемісті жыл болып, тарих қойнауына енді. Қазақстанның ұсынысымен Біріккен Ұлттар Ұйымы 2026 жылды - Халықаралық еріктілер жылы деп жариялады. Ағымдағы жылы да тәуелсіз елімізде ауқымды тірліктер  атқарылып, халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіле беретін болады.

Жанерке ӘЛТЕН,
«Ауыл жаңалығы».
Сарыкемер ауылы.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін6530
mod_vvisit_counterКеше9433
mod_vvisit_counterОсы аптада22052
mod_vvisit_counterӨткен аптада23896
mod_vvisit_counterОсы айда36559
mod_vvisit_counterӨткен айда106969
mod_vvisit_counterБәрі4398717

Серіктестер