Онлайн газет



ЕЛЕНГЕН ЕҢБЕКТІҢ ЕНШІСІ

Мемлекет басшысының шешімімен белгіленген 2025 жыл елімізде “Жұмысшы мамандықтар жылы” ретінде есте қалды. Жыл соңында қарапайым еңбек адамдарының адал еңбегіне әділ баға беріліп, мәртебелері көтерілді.
Өткен жылдың соңғы аптасында аудан әкімі Олжас Баққараевтың қатысуымен өткен жиында еңбек озаттарына құрмет көрсетілді.
Онда аудан басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген жетістіктерге тоқталды. Ауданымызға инвестиция тарту нәтижесінде бірқатар жаңа кәсіпорындар ашылып, жұмыс жасап жатқандығын, алдағы жылы іргелі жобалар жалғасын табатындығын айтты. 2025 жыл ауданымыз үшін табысты, берекелі жыл болғандығына екпін салып, жиналғандарды  жаңа 2026 жылмен құттықтап, алда тұрған басты мақсаттарды атап өтті. Мұнан кейін сөз алған аудандық мәслихаттың  төрағасы  Бақтияр Ақбаевта жиынға қатысушыларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Жыл қорытындысына арналған жиын барысында  ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан және қоғамдық өмірге белсене атсалысқан бірқатар азаматтар түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердібек Омаров «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалімен, «Бірлік» шаруа қожалығының жетекшісі Гүлсара Ешджанова ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің "Еңбек ардагері" медалімен, «Жетібай Агро» агроөндірістік кооперативінің басшысы Ерлан Кәрімбаев, «Рахымбек» шаруа қожалығының механизаторы Тәжібек Қуанышев, «Ans Agro» шаруа қожалығының жетекшісі Микайил Хабибов ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Ауыл шаруашылығының Үздігі» төсбелгісімен марапатталды.  «Нур и К» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрмат Қожақов ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасымен, Түймекент ауылдық округі өрт сөндіру бекетінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев ҚР Төтенше жағдайлар министрінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталса, бірқатар азаматтар «Облысқа, ауданға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, облыс, аудан әкімдерінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаты,  «Amanat» партиясы аудандық филиалы төрағасының Құрмет грамотасына ие болды.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 06.01.2026 14:00
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1919
mod_vvisit_counterКеше4380
mod_vvisit_counterОсы аптада26506
mod_vvisit_counterӨткен аптада32234
mod_vvisit_counterОсы айда79050
mod_vvisit_counterӨткен айда133958
mod_vvisit_counterБәрі3457119

Серіктестер