|

Өткен аптада облысымызға іссапармен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген нысандарды аралап, облыстың тыныс-тіршілігіне оң бағасын бергенін білеміз. Президент іссапар соңында Жамбыл облысы жұртшылығымен кездесті. Осында еліміздің әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады. Олардың арасында биылғы «Жұмысшы мамандықтары» жылына орай еңбек адамдары да көп болды. Солардың бірі - ауданымыздағы
«Шахан» халық театрының суретші –декораторы, қылқалам шебері Жанболат Сапаров өзінің көп жылғы еңбегі арқасында Мемлекет басшысының қолынан Алғыс хат алды. Ұзақ жылдар бойы аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде суретші-декоратор қызметін абыроймен атқарып келген Жанболат Тұрарұлын марапатымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да қолыңнан қаламы түспей табыс биігінен көрініп, жоғары жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз.
«Ауыл жаңалығы» - ақпарат. |
|
Обновлено 30.12.2025 16:41 |