Онлайн газет



СЕНАТ ДЕПУТАТЫ АУДАНЫМЫЗДА БОЛДЫ

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков Жамбыл облысына іссапары барысында ауданымызда болды.
Сенатор  алдымен Сарыкемер ауылында бой көтерген 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйдің жұмысымен, сондай-ақ, аудан орталығындағы жаңадан пайдалануға берілген спорттық - сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты.
Ел игілігіне берілген нысандардың сапасына басты назарын аударды. Халықтың әл-ауқатын арттыру  бағытындағы жұмыстар жыл сайын артып, әлеумет әлеуетінің жақсаруына сеп болып келе жатқандығын айтып, алдағы уақытта да  жүйелі жұмыстар жалғасатындығына басымдық берді.
Мұнан кейін Бекболат Серікбайұлы  мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері, аудандық мәслихат депутаттары және бөлім басшыларымен кездесті.
Жиында ел және өңір деңгейіндегі маңызды мәселелерге айрықша екпін салынды. Сонымен қатар Сенатор Бюджет және Салық кодекстеріне енгізілген өзгерістерге тоқталды. Бұл  өзгерістер өңірлердің қаржылық тәуелсіздігін арттыруға әрі салықтық әкімшілендіру үдерістерін жеңілдетуге бағытталғанын жеткізді.
Сондай-ақ, кездесуде алдағы жылы елімізде референдум өткізу және бірпалаталы Парламентке көшу мәселесі де сөз болды.
Бекболат Орынбеков аудандағы оң өзгерістердің куәсі болғанын, халықты жылы әрі қауіпсіз баспанамен қамту мәселесі жүйелі жүргізіліп, инвестиция тарту бағытында бірқатар өндіріс орындарының ашылғандығын атап өтті.
Халық қалаулысы ауданды аралаған сапары кезінде онымен бірге аудан әкімі Олжас Баққараев болды.

Ақпараттық медиа орталығы.

Обновлено 30.12.2025 16:42
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1653
mod_vvisit_counterКеше4380
mod_vvisit_counterОсы аптада26240
mod_vvisit_counterӨткен аптада32234
mod_vvisit_counterОсы айда78784
mod_vvisit_counterӨткен айда133958
mod_vvisit_counterБәрі3456853

Серіктестер