|

Жақында аудан әкімі Олжас Баққараев ауыл шаруашылығы саласында елеулі еңбек етіп жүрген бірнеше сала өкілдерін қабылдады. Қабылдауға Жамбыл облыстық фермерлер Одағының төрағасы Дулат Сұлтанбеков қатысты. Аудан әкімі Олжас Елебекұлы еңбек адамдарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, осы саланың дамуына үлес қосып отырған үлестеріне
тоқталды. Аға буын өкілдерінің еңбектері кейінгі буынға үлгі екендігіне екпін салды. Ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар табысты еңбек етіп, «Қазақстан Фермерлері қауымдастығының» жұмысына белсене қатысқандары үшін Диқан ауылының тұрғыны Тәттіқұл Белхожаев пен аймантөбелік Гүлханыс Нұржігітоваға Фермерлер қауымдастығының Құрмет грамотасын, ал Қостөбе ауылдық округі «Берекет» шаруа қожалығының жетекшісі Хасан Шауш-оглыға қауымдастықтың «Үздік фермер» төсбелгісін табыс етті. Қабылдауда Д.Сұлтанбековте сөз алып марапатталғандарды құттықтап, өзінің ізгі тілегін білдірді. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі сала өкілдеріне алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
«Ауыл жаңалығы»-ақпарат. |
|
Обновлено 30.12.2025 16:38 |