Онлайн газет



Жеміс ағашының күйігі

Ә.Қабдушев.
Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы мемлекеттік мекемесі Байзақ аудандық филиалының директоры.  

Жеміс ағаштарының күйігі Еуропа, Азия.  АҚШ, Африка мемлекеттерінде көптеп таралған. Жеміс ағаштарының күйігі ауруының қоздырғышы көлемі 0,7-1,0х0,9-1,5 микрон болатын перитрихиалды қозғалысты таяқшалар түрінде болады да ешқандай спора, спора қапшықтарын түзбейді. Жекелеген клетка немесе қосарланған, тізбектелген клетка аэроб түрінде болуы мүмкін. Ауру қоздырғыштың дамуына қолайлы температура 20-25º С, ал температура 43,7º С болғанда ол өледі, кебуге және қатты суыққа төзімді.
Аурудың белгісі көктемде өсімдіктің гүлдеу кезеңінде білінеді. Залалдану гүл шоғырынан басталып бұтақтарына көшеді. Ауруға шалдыққан ағаштардың гүлдері кенеттен қарайып, солады, бірақ түспей ілініп тұрады. Жас бұтақтар мен жапырақтар ұшынан бастап қарайып, кейін соңғылары ширатылып, қурайды, бірақ түспейді. Өсіп жетілген жапырақтар шетінен бастап қарайып, кейін қызыл-қоңыр түске еніп, жаз маусымының соңына дейін ағашта қалып қояды. Жас ағаштардың жоғарғы ұшындағы жапырақтары ағаш түссізденіп, өркен ұштары қисайып солады да 1-2 жылда ауру ағаштар қурап жойылады.
Бұл ауруға көптеген жеміс ағаштары, әсіресе алмұрт қатты шалдығады. Қоздырғыш ауру өсімдіктің жасуша аралығында қыстап шығып, көзшелер мен шырындықтар арқылы енеді. Аура өте зиянды, залалданған ағаш 1-2 жылда түгел жойылады.
Жеміс ағаш күйігі ауданымызда  2013 жылы «Гугосян» шаруа қожалығында бірінші белгілері байқалып, тізімге алынды. Ал, 2014 жылы аудандық  «Орман шаруашылығы»  бағында тіркелді. Ауру әсіресе, биыл жеке секторларда жаңа егілген алмұрт ағаштарында байқалуда.
Егер ауру байқалған жағдайда «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі Байзақ аудандық филиалының мамандарынан кеңес алуға болады.

Байланыс телефоны:  2-18-49.
Мекен-жайымыз: Байзақ батыр көшесі №100 үй.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1071
mod_vvisit_counterКеше1190
mod_vvisit_counterОсы аптада1071
mod_vvisit_counterӨткен аптада8564
mod_vvisit_counterОсы айда16147
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2267816

Серіктестер