Онлайн газет



ҒАЖАЙЫПҚА ТОЛЫ ЖАҢА ЖЫЛ

Кеше аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Royal Palace» мейрамханасында  «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!» атты балаларға арналған аудан әкімінің жаңажылдық шырша мерекесі өтті. Оған ата-анасынан айырылған, аз қамтылғандар және көпбалалы отбасыдан шыққан 100 оқушы қатысты.
Қызылды-жасылды моншақтармен  безендірілген шырша маңында Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының әртістері театрландырылған қойылымдар қойды. 
Жаңажылдық шыршаға жиналған баллаларды аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев  құттықтап, елімізде, соның ішінде ауданымызда жас толқынның сапалы білім алуларына барынша жағдай жасалып жатқандығын айтты.
Жаңа жылдың басты қонақтары-Аяз ата мен Ақшақар  ортаға шығып, сиқырлы таяғымен алуан түрлі ойыншықтар тағынған жасыл шыршаның шамдарын  жаққанда, балалардың қуанышында шек болмады. Әуелете ән шырқап, дөңгелене би билеп, бар өнерлерін көрсетіп жатқан балаларға Аяз Ата сыйлықтарын үлестірді.
Жаңажылдық кеште балаларға мерекелік дастархан жайылып, аудан әкімінің сыйлығы тарту етілді. Сондай-ақ мерекелік бағдарлама аясында Балалар мен жасөспірімдер орталығының үйірме оқушылары өнерлерін көрсетіп, мереке көркін келтірді.
Балалардың қуанышына аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев, аудандық соттың төрағасы Досжан Төленбеков, “AMANAT” партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева және аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ерлан Сейдаханов қатысты.

Жанерке ӘЛТЕН,
«Ауыл жаңалығы».

Обновлено 30.12.2025 16:32
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1680
mod_vvisit_counterКеше4380
mod_vvisit_counterОсы аптада26267
mod_vvisit_counterӨткен аптада32234
mod_vvisit_counterОсы айда78811
mod_vvisit_counterӨткен айда133958
mod_vvisit_counterБәрі3456880

Серіктестер