Онлайн газет



“АРДАГЕРЛЕР САЯБАҒЫ” ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында және ауданымыздың Байзақ баба есімін иеленгеніне 30 жыл толуына орай, Жақаш ауылында “Ардагерлер саябағы” ел игілігіне берілді.
Құны 26 млн. теңге құрайтын  демалыс саябағының ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев және ауыл тұрғындары қатысты.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтап,  ауылды көркейту бағытында ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Жақаш ауылында қолға алынған игілікті іс жас ұрпақтың бойына аға буынға деген құрметті қалыптастырып, туған жер мен елге, Отанға деген сүйіспеншілікке  тәрбиелейтіндігін  атап өтті. Мұнан кейін сөз алған Суханбаев ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Бейсенбек Өзенбай игі істің жүзеге асуына ұйытқы болып, атсалысқандарға алғысын білдірді. 
Әрмен қарай саябақтың лентасы қиылып, ақжаулықты аналар шашу шашты.


Аумағы  0,77 гектарды құрайтын саябақ ішінде мемориалдық тақта орнатылып, онда Суханбаев ауылдық округінен Ұлы Отан соғысына аттанып, елге оралмаған ерлердің есімі қашалып жазылған. Жиналғандар мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойып, дүниеден өткендердің рухына құран бағышталды.
Жаңа саябақ аумағы толық қоршалып, шыршалар мен сәндік ағаштар отырғызылған. Айналасына жарық беретін шамдар мен орындықтар қойылған. Тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы жағдай жасалған.

Айдар Алдабергенов,
“Ауыл жаңалығы”.

Обновлено 30.12.2025 16:30
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1889
mod_vvisit_counterКеше4380
mod_vvisit_counterОсы аптада26476
mod_vvisit_counterӨткен аптада32234
mod_vvisit_counterОсы айда79020
mod_vvisit_counterӨткен айда133958
mod_vvisit_counterБәрі3457089

Серіктестер