Онлайн газет



СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады.
Азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білсе еліміз бұдан да ары өсіп өркендей беретін болады. Жалпы, кез келген қызметкер өз отбасында, әріптестерінің арасында осы бір қағидаларды ұстана білсе бұл індеттің түбімен жойылатыны анық.
Қоғам үшін сыбайлас жемқорлықтың зияны өте үлкен. Ең алдымен, ол экономикалық дамуға

кері әсер етеді. Қаржы заңсыз жолмен бөлінсе, білім беру, денсаулық сақтау, инфрақұрылым сияқты маңызды салаларға тиісті деңгейде қаражат жетпейді. Бұл халықтың өмір сапасының төмендеуіне себеп болады. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық жастардың болашаққа деген сенімін әлсіретіп, «әділ жолмен жетістікке жету мүмкін емес» деген теріс түсінік қалыптастыруы мүмкін.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Қоғамның кереғар құбылысымен күрес-тек мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Бұл күресте заңдардың қатаң орындалуы, ашықтық пен әділдік қағидаттарының сақталуы маңызды. Мемлекеттік мекемелердің қызметі ашық болып, әрбір азамат өз құқығын білуі және талап ете алуы қажет.
Мемлекет басшысы  өзінің Жолдауында қоғамда тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға “мүлдем төзбеушілік” қағидасын қалыптастыру қажеттігін атап өтті.  Бұл дегеніміз  заңды сақтау және басқа адамдардың тарапынан  құқықбұзушылықтың  жолын кесу деген сөз. Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуын тежейтін қауіпті құбылыс. Онымен күресу үшін мемлекет, қоғам және әрбір азамат бірлесе әрекет етуі керек. Әділдік пен адалдықты басты құндылық ретінде ұстанған қоғам ғана тұрақты дамуға және жарқын болашаққа қол жеткізе алады.

 

Қанат Смағұлов,
Түймекент ауылдық округінің әкімі.

Обновлено 30.12.2025 16:17
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1783
mod_vvisit_counterКеше4380
mod_vvisit_counterОсы аптада26370
mod_vvisit_counterӨткен аптада32234
mod_vvisit_counterОсы айда78914
mod_vvisit_counterӨткен айда133958
mod_vvisit_counterБәрі3456983

Серіктестер