Онлайн газет



Тазалық тал бесіктен басталады

Г.Молдабаева,
Сарыкемер ауылының тұрғыны.

Халқымыз “Тазалық-денсаулық кепілі” деп бекер айтпаған. Отырған ортамыздың мұнтаздай таза болуы - саулығымыздың кепілі екендігі рас. Тазалық адамның көңіл-күйіне де әсер етеді. Алайда, көптен бері ойда жүрген мына бір мәселені, оқырман ортасына тастағым келеді.
Сарыкемер ауылының орталығындағы Ағаділ Суханбаев атындағы саябақ ішінде кезінде жазғы мезгілде кино көрсететін ашық алаңқай бар-тұғын. Сол жер бүгінде ашық-шашық егесіз жатыр. Ал, оның артқы жағындағы әжетханаға кіріп-шығу мүлде мүмкін емес. Яғни, санитарлық талаптарға сай келмейді. Дәл осы жердегі қоқыс тастайтын шұңқыр да толып кеткен. Ауру, егесіз жүрген иттердің әңгімесі бір бөлек, онда ойнап жүрген балаларымызды қауып алады ма деп қорқамыз.
Әрине, саябақ іші бұрынғыдан жақсарып келеді. Кішкентайлар үшін үрлемелі ойыншықтар қойылып, жайқалған тал-ағаштардың саясына кешке жақын үлкен-кіші бір сәт демалып қайтады. Деседе, сол талдардың қураған бұтақтарын кесіп алып-тастау да артықтық етпейтін сияқты.
Бір сөзбен айтқанда, “Тазалық-саулық негізі, саулық-байлық негізі” дегендей ауылымыздың тазалығы әрбір адамның тәрбиесіне, сана-сезіміне байланысты деп ойлаймын. Ал, саябақтағы келеңсіз көріністерді мерзімінде қолға алсақ нұр үстіне нұр болар еді.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін712
mod_vvisit_counterКеше1190
mod_vvisit_counterОсы аптада712
mod_vvisit_counterӨткен аптада8564
mod_vvisit_counterОсы айда15788
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2267457

Серіктестер