Онлайн газет



ИНТЕРНЕТ ҚЫЗМЕТІ ҚАШАН ЖАҚСАРАДЫ?

Апта басында аудан әкімі Олжас Баққараевтың төрағалығымен аппараттық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа аудандық мәслихаттың төрағасы Б.Ақбаев, аудан әкімінің орынбасарлары Р.Қасымов, Қ.Бүркітәлиев, аудан әкімі аппаратының басшысы А. Құрманов, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары қатысты.
Аудан әкімі кеңес жұмысын бастамас бұрын оған қатысушыларға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Байзақ аудандық аумақтық инспекциясының жаңадан тағайындалған басшысы Көпіш Жандос Еркінұлын таныстырып, жұмысына табыс тіледі.
Отырыста “2025 жылдың қорытындысы бойынша экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысы туралы” аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков, ал “Интернет және мобильді байланыс жүйелерінің жұмысы туралы” аудан әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дәуренбек Мадешов баяндама жасады.
Дулат Бекбосынұлы өз баяндамасында жылдың аяқталуына аз уақыт қалғанына байланысты ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, тұрғын үй, инвестиция, бөлшек сауда айналымына жеке-жеке тоқталып, аталған салалар бойынша негізгі көрсеткіштер бекітілген жоспар негізінен орындалады деп күтіліп отырғанын жеткізді. Дегенмен, ауданға тартылған инвестициялар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 32,4 млрд. теңгені құрап, 15 пайызға артты. Алайда ол бойынша бекітілген индикаторлық көрсеткіштің орындалмай қалу қауіпі бар. Сондай-ақ бөлшек сауда айналымы бойынша бекітілген индикаторлық көрсеткіштің де орындалуы күмән тудыруда.
-Елдімекендерді сапалы  интернетпен қамту-бүгінгі күннің өзекті мәселелердің бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүріп жатыр. Ауданымыздағы 40 елдімекеннің 33-і 4G желісімен қамтылған, 3G желісі 5 елдімекенде қызмет көрсетеді. Ал 2G желісі Қайнар, Көкөзек елдімекендерінде қолжетімді болса, аудандағы 24 елдімекен талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз етілген. Осы жұмыстар ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосады. Ауданда радиорелілік байланыс желісі 14 елдімекенде жұмыс істейді. Бұл желі арқылы қазіргі таңда 352 үй интернет және телефон қызметін пайдалануда. Аудандағы 10 ауылда сандық автоматты телефон станциялары орнатылған,- деді Дәуренбек Мадешов өз баяндамасында.
Баяндамашыларға кеңеске қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауап алынды. Ауылдық округ әкімдері тарапынан Ақтөбе, Ботамойнақ, Қостөбе ауылдарында “Теле - 2”-ге шағымның көптігі, Базарбайға “Теле - 2”-нің қажеттігі, Тегістікте байланыстың жоқтығы, Түймекентте “Теле-2” істемей тұрса, мұнаралардың тиісті орындарға қойылмағандығы, Төрткүл ауылында байланыстың нашарлығы айтылды.
Аудан әкімі Олжас Елебекұлы интернеттің маңыздылығын атап өтіп, ауылдық округ әкімдеріне интернет жөніндегі халықтың сұранысы қанағаттандырылуы керектігі, бұл үшін оны үнемі қадағалап отыруды тапсырды. Сондай-ақ елдімекендердегі байланыс мұнараларының жай-күйін анықтап, интернет саласын жақсарту бойынша жол картасын дайындауды міндеттеді. Ал аудан әкімдігінің бөлім басшыларына да нақты тапсырмалар берілді.
Аппараттық кеңесте басқа да мәселелер рет-ретімен қаралып, тиісті бөлім сала басшыларына бірқатар міндеттер жүктелді.

Сундетулла АБИЛОВ,
“Ауыл жаңалығы”.

Обновлено 26.12.2025 11:30
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1798
mod_vvisit_counterКеше4380
mod_vvisit_counterОсы аптада26385
mod_vvisit_counterӨткен аптада32234
mod_vvisit_counterОсы айда78929
mod_vvisit_counterӨткен айда133958
mod_vvisit_counterБәрі3456998

Серіктестер