Онлайн газет



ЖАС ЕҢБЕК АДАМДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Жас еңбек адамы» атты аудандық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Онда жұмысшы мамандықтардың маңызын айқындайтын бейнеролик көрсетіліп, адал еңбек пен кәсіпқойлықтың қоғамдағы орны кеңінен насихатталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде Жұмысшы мамандықтар жылы қоғамда қажырлы еңбек пен кәсіби шеберлік идеясын ілгерілетуге бағытталғанын, ал адал еңбек етіп жүрген азаматтарға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін атап өткен болатын. Осы бастама аясында ауданымызда нақты жұмыстар жүзеге асырылуда.
Аталған байқау аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің және “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен өтті. Байқаудың басты мақсаты-жастар арасында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, қолөнер, ауыл шаруашылығы, құрылыс және қызмет көрсету салаларында еңбек етіп жүрген жас мамандардың еңбегін дәріптеу.
Байқаудың бекітілген ережесіне сәйкес, аудан аумағында тұратын 35 жасқа дейінгі жұмысшы мамандардан өтінімдер қабылданып, екінші кезеңде әр сала мамандарынан құралған арнайы қатысушылардың бейнероликтерін бағалады. Нәтижесінде үздік деп танылған үш бейнеролик іріктеліп алынды. Салтанатты шара барысында бұл бейнероликтер жиналғандар назарына ұсынылды.
Іс-шарада сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов еңбек адамының қоғамдағы орны қашанда ерекше екенін атап өтті. Оның айтуынша, аталмыш байқау жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып қана қоймай, жастарды адал еңбекке, кәсіби жауапкершілікке баулиды. Сондай-ақ, мұндай бастамалар ел экономикасының дамуына тікелей үлес қосатын еңбек адамдарын қолдаудың нақты көрінісі екенін жеткізді.
“Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында ұйымдастырылған «Жас еңбек адамы» атты аудандық байқауға белсене қатысып, жастар арасында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және еңбек адамының қоғамдағы орнын насихаттауға қосқан үлесі үшін бірнеше ауылдық округтерден келген жұмысшы мамандар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды Көктал ауылынан келген Еламан Өмірзақұлы, ІІ орынды Ынтымақ ауылдық округінен Ақылбек Жұмабекұлы, ал І орынды Ботамойнақ ауылдық округінен Жансұлу Жұматбайқызы иеленді. Жеңімпаздар арнайы марапаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Сонымен қатар, Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген еңбек адамдары да назардан тыс қалмай, аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды.
Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласып, мерекелік көңіл-күйде қорытындыланды.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жүзеге асырылып жатқан бұл бастамалар адал еңбекке деген құрметті арттырып, еңбек адамының қоғамдағы беделін нығайта түсуде.

Жанерке ӘЛТЕН,
«Ауыл жаңалығы».

Обновлено 26.12.2025 11:28
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1759
mod_vvisit_counterКеше4380
mod_vvisit_counterОсы аптада26346
mod_vvisit_counterӨткен аптада32234
mod_vvisit_counterОсы айда78890
mod_vvisit_counterӨткен айда133958
mod_vvisit_counterБәрі3456959

Серіктестер