Онлайн газет



ЕСЕПТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе ”Жайсыз отбасы” есебіне алынған отбасылар және бір жылда 2 рет құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандармен атқарылған профилактикалық жұмыстар туралы” аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Азамат Үзен баяндама жасады.
Баяндамашы жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында қолға алынған іс-шараларға егжей-тегжейлі тоқталды.
Бұдан соң “Аудандағы қорғаншылық пен қамқоршылыққа алынған балалар мен отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілерінің жағдайы, ата-ананың бақылауынсыз қалған, жақын туыстарының (таныстарының) үйінде тұрып жатқан балаларға заң талаптарына сәйкес қамқоршы мен қорғаншы тағайындау  бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде аудандық білім бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі әдіскері Әсел Тұрақбайқызының, “Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пиротехниканы қауіпсіз пайдалану, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары, мектептерде “Жас сақшы” сыныбын ашу жұмыстарының барысы туралы” аудандық білім бөлімінің  құқықтық  тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Айнұр Нұргелованың есептері тыңдалды.
Күн тәртібіне шығарылған мәселелерге қатысты комиссия мүшелері Шырын Қапарова, Әлия Саққұлова, Гүлбахрам Ермекова, Исағали Сәлімбаев, Сәкен Сыздықовтар ұсыныстарын ортаға салды.
Комиссия отырысын түйіндеген Рүстем Қалмұхамбетұлы  айтылған ұсыныс-пікірлер назарға алынатындығын, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу-ортақ міндет екендігін айтып, арнайы құрылған топтарға жұмысты ширатуды тапсырды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 26.12.2025 11:26
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1789
mod_vvisit_counterКеше4380
mod_vvisit_counterОсы аптада26376
mod_vvisit_counterӨткен аптада32234
mod_vvisit_counterОсы айда78920
mod_vvisit_counterӨткен айда133958
mod_vvisit_counterБәрі3456989

Серіктестер