Онлайн газет



АРХИВ – ТАРИХТЫҢ ТІРІ КУӘСІ

Архив – ел тарихының негізі, ұлттық жадымыздың алтын қоры. Өткен мен бүгінді жалғап, болашаққа бағыт беретін маңызды деректер дәл осы архив қоймаларында сақталады.
Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тарихи жадымызды сақтау – ұлттық бірегейлігімізді нығайтудың маңызды факторы», – деп атап өткен болатын.
Президенттің бұл пікірі архив саласының маңызын айқындай түседі. Себебі архив ісін дамыту, тарихи құжаттарды сақтау және оларды заманауи талаптарға сай цифрландыру – ел тарихына деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Бұл бағыттағы жұмыстар өңірлерде де жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Осы орайда Архившілер күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасына қарасты «Байзақ ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Гүлмира ЖаназароваМен аудандық архивтің бүгінгі тыныс-тіршілігі жайында сұхбаттасқан едік.

– Гүлмира Мұратқызы, аудандық архивтің негізгі қызмет бағыттарына тоқталып өтсеңіз?
– Байзақ ауданының мемлекеттік архиві Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау, толықтыру және пайдалануды ұйымдастырумен айналысады. Негізгі мақсатымыз – аудан аумағында архив ісі мен құжаттамада бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Сонымен қатар, архив құжаттарының сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, оларды тұрғындар үшін қолжетімді етуге ерекше мән береміз.
Архив өз аумағында орналасқан, Ұлттық архив қорын толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарға іс жүргізудің жай-күйі мен құжаттардың сақталуына қатысты ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетеді. Сондай-ақ  мемлекеттік, жеке және заңды тұлғалардың сұраулары бойынша архивтік анықтамалар, құжат көшірмелері және өзге де қажетті құжаттарды беру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл-азаматтардың әлеуметтік және құқықтық мәселелерін шешуде маңызды рөл атқарады.

– Оқырмандарымыз архивтің құрылу тарихында білгісі келеді?
– Байзақ ауданының мемлекеттік архиві 1999 жылы Байзақ ауданы әкімінің №66 шешімі негізінде құрылған. Алғашқы жылдары архив  аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты ғимараттың бір бөлігінде орналасып, екі штаттық бірлікпен жұмысын бастаған.
2004 жылы архив қазіргі ғимаратқа көшіріліп, 2009 жылы ғимарат ағымдағы жөндеуден өтті. Ал 2019 жылы архив қоймалары заманауи жылжымалы сөрелермен жабдықталды. Бүгінде архивте 160 қор бойынша 29 817 құжат мемлекеттік сақтауға алынған. Қазіргі таңда мекемеде 12 қызметкер еңбек етеді.

– Құжаттарды цифрландыру жұмыстары қалай жүзеге асырылуда?
– Бүгінгі таңда архив саласын цифрландыру – басты басымдықтардың бірі. Бұл жұмыстар Қазақстан Республикасында архив саласын дамыту және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру саясатына сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Қазақстан–2025 мемлекеттік бағдарламасы аясында Fujitsu ScanSnap SV600, Panasonic KV-SL1066 және Microbox Book2net Spirit заманауи сканерлерімен жабдықталдық. «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесі арқылы құжаттар сандық-электрондық форматқа көшірілуде.
Осы жылдық есептің қорытындысы бойынша  9646 құжаттың 1 033485 парағы цифрландырылған. Бұл архив қоймаларындағы құжаттардың 32 пайызын құрайды. Электронды форматқа көшірілген құжаттар JPG форматынан PDF форматына конвертацияланып, сақтауға және пайдалануға ыңғайландырылуда. Алдағы уақытта цифрландыру көлемін арттыру жоспарланып отыр.

– Архив қызметінің қоғамдағы орны туралы не айтар едіңіз?
– Архив – өткен мен бүгінді жалғап тұрған ұлттық жадымыздың алтын көпірі. Мұнда сақталған әрбір құжат – ел тарихының бір бөлшегі. Сондықтан архив қызметкерлерінің басты міндеті – осы құнды мұраны сақтап, келер ұрпаққа аман жеткізу.
Архив жұмысы көп жағдайда көзге көріне бермейді, алайда оның қоғам үшін маңызы өте зор. Біз үшін ең бастысы – тұрғындардың сұранысын уақытылы әрі сапалы орындап, архив қызметінің қолжетімді әрі ашық болуын қамтамасыз ету.

- Сұхбатыңызға рақмет.

Сұхбаттасқан-Жанерке ӘЛТЕН,
«Ауыл жаңалығы.

Обновлено 26.12.2025 11:24
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1873
mod_vvisit_counterКеше4380
mod_vvisit_counterОсы аптада26460
mod_vvisit_counterӨткен аптада32234
mod_vvisit_counterОсы айда79004
mod_vvisit_counterӨткен айда133958
mod_vvisit_counterБәрі3457073

Серіктестер