|

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Тұрар Рысқұлов ауданындағы «Құлан Дән» несиелік серіктестігінің жұмысшы тобы аудандағы ауыл шаруашылығы басшылары, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалығының жетекшілерімен кездесу өткізді. Жиынды аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Еркебай Рсалиев ашып, жүргізіп отырды. Кездесуге «Құлан Дән» несиелік серіктестігінің басқарма төрағасы Рахманәлі Әбдіқадыров, несие бөлімінің басшысы Ақжан Башкеева, Байзақ аудандық фермерлер одағының төрағасы Шахайхан Асанов, Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының Байзақ ауданындағы филиалы директоры
Біржан Кузембековтер қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты - шаруашылықтарға несие алу тәртібін түсіндіру. Жиын барысында басқарма төрағасы Рахманәлі Әбдіқадыров сөз алып, ауданымызда 106 несие алушы барын атап өтті. Алдағы уақытта да серіктестікке қатысушы боламын дегендерге барынша көмектің болатындығын айтты. Сондай-ақ қатысушы көлемі артып жатса, ауданнан арнайы өкілдік ашуда жоспарда бар екендігін жеткізді.
 Несие бөлімінің басшысы Ақжан Башкеева баяндамасында құрылтайшылармен жұмыс істеудің тәртібін түсіндірді. Ең басты мақсат-халыққа сапалы қызмет ету екендігін атап өтті. Аталған несие серіктестігі құрылтайшыларының бірі, Ботамойнақ ауылдық округіндегі шаруа қожалығының жетекшісі Гүлнара Дәулетбаева 15 жылдан астам уақыттан бері серіктестікпен бірлесе жұмыс істеп келе жатқанын, Мемлекет тарапынан берілетін барлық көмекті алып жүргені туралы айта келіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар тарапынан мәселеге қатысты сұрақтар қойылып, оларға сала мамандары тарапынан жан-жақты жауаптар берілді. Жиын соңында Е.Рсалиев қонақтарға арнайы келіп шаруалармен өткізген әсерлі әңгімелері үшін алғыс айтты.
Айжамал УРАЗАЛИЕВА, журналист. |
|
Обновлено 26.12.2025 11:22 |