Онлайн газет



ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖОБАСЫ

САЯСИ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Кеше, аптаның сейсенбісі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті.
Кеңейтілген Саяси кеңес отырысын «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мұратхан Шүкеев ашып, жүргізіп отырды.
Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңестің Бюро мүшесі Болат Исақов арнайы қатысқан отырысқа аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының өкілдері, партия белсенділері, ауылдық округ әкімдері, бастауыш партия ұйымының төрағалары мен төрайымдары, партия аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Партия аудандық филиалының кеңейтілген Саяси кеңесі отырысының күн тәртібіне «Нұр Отан» партиясының «2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы» жобасын талқылау және «Нұр Отан» партиясының аумақтық  сайлауалды тұғырнамасын іске асырудағы аудандық ауыл шаруашылығы агроөнеркәсіп кешенінде, жаңа технологиялар енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттыру мәселесі ұсынылып, Саяси кеңес отырысының күн тәртібі бірауыздан бекітілді.
Алдымен күн тәртібіне шығарылған «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалының  төрағасы Шүкеев Мұратхан Жүнісәліұлының «Нұр Отан» партиясының «2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бағдарламасының жобасы туралы баяндамасы тыңдалды.
-«Қазақстан-2050» Стратегиясы, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» және «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев демократия мен еркіндікке негізделген мемлекет пен қоғам құрылысының маңызды тарихи кезеңі аяқталғанын атап өтіп, «Біздің мақсатымыз – мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Ол қоғамға қызмет көрсету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс» - деп Қазақстанның одан әрі дамуының стратегиялық бағытын айқындап берді»-деп, өз сөзін бастаған Мұратхан Жүнісәліұлы бағдарлама жобасында көрсетілген басым бағыттарға жеке-жеке тоқталып өтті.  
Сонымен қатар, баяндамашы партия съезінде «Нұр Отан» Нұрлы болашақ жолында!» атты партияның жаңа құжаты қабылданғанын айтып, саяси Доктринаның маңыздылығына тоқталды.
«Бұл ретте партияның саяси Доктринасының басты мақсаты мен негізгі миссиясы - осы құжатта аталған негізгі мақсаттарды жүзеге асыруға арналып отыр.
Бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясының жаңа құжаты аудандық партия филиалына қарасты 38 бастауыш партия ұйымдарында қызу талқыланып, халықтың көңілінен шығуда. Сондықтан, партия мүшелері маңызды құжатты талқылауға белсенді қатысып, туындаған тапсырмалар мен міндеттерді жүзеге асыруда өз үлестерін қосулары қажет» екендігін атады. Және де, аудандық партия филиалының төрағасы өз баяндамасында «Доктринада біздің ең басты, негізгі байлығымыз ол – тәуелсіздігіміз! Осы тәуелсіздікті әрі қарай қорғау, мемлекетті жаңа сипатта дамыту – біздің елдік мүддеміз деп атап көрсетілген. Елбасы өз сөзінде жастар мәселесіне ерекше назар аударып, жастарды ата-аналардың, аға буынның еңбегін бағалауға шақырды. Себебі, жас қазақстандықтар партияның, жалпы Отанымыздың бағдарын қолдауы және 2050 жылға дейінгі мерзімге арналған бағдарламаны жүзеге асыруға кеңінен қатысуы тиіс» –  деп бағамдады.
Сонымен қатар, аудандық партия филиалының төрағасы «Доктринада мемлекеттік тіл ел бірлігінің факторы ретінде аталғаны да аса маңызды. Қазақ тілін білу азаматтық парызымыз ғана емес, ұлтқа деген құрметті білдіру болып табылады. Сондықтан, Елбасы партияға мемлекеттік тілді нығайтуға, қазақтың дәстүрі мен мәдениетін жаңғыртуға байланысты қоғамдық-саяси жұмыстардың тиімді жүйесін жасауды тапсырғандықтан, аудандық партия филиалы жанынан атқарылатын барлық қоғамдық-саяси іс-шараларды мемлекеттік тілді нығайтуға бағыттауымыз қажет» екендігін айтты. 
Баяндама аяқталған соң жарыссөзге шыққан аудандық партия филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Рабат Сарсенов пен Бурыл ауылдық округінің әкімі Ерік Әліқұловтар өз ойларын ортаға салды.
Бұдан соң күн тәртібіндегі екінші мәселе-«Нұр Отан» партиясының аумақтық  сайлауалды тұғырнамасын іске асырудағы аудандық ауыл шаруашылығы агроөнеркәсіп кешенінде, жаңа технологиялар енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттыру бойынша аудан әкімінің орынбасары, партия мүшесі Дулат Сұлтанбековтің баяндамасы тыңдалды.
Елбасымыз биылғы Жолдауында: «Ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаhандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажеттілігіне тоқталып, әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы  өндірісін арттыруға қажетті бағдарды» айтқандығы белгілі. Сондай-ақ егіс алқабын ұлғайтуды, ең алдымен жаңа озық технологияларды енгізу есебінен қарқынды көтеру қажеттілігіне де баса назар аударған болатын-деп сөзін бастаған Дулат Әбенұлы қазіргі таңда, Елбасының Жолдауын орындау мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерінің  мөлшерін арттыру мен сапасын жоғары деңгейге көтеру үшін ауыл шаруашылығы саласына озық технологияларды ендіру қарқынды жүргізіліп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ осы мақсатта сала бойынша қол жеткізген жетістіктер мен кемшіліктерге ерекше назар аударды. Слайд арқылы әрбір ауыл шаруашылық саласындағы оң өзгерістерге шолу жасады.
Баяндаманы талқылау барысында жарыссөзге шыққан «Жадыра» шаруа қожалығының жетекшісі Гүлнар Дәулетбаева мен «Сәкен» шаруа қожалығының жетекшісі Шахайхан Асановтар бағдарлама жобасын қызу қолдайтындықтарын жеткізіп, өз салалары бойынша атқарылып жатқан игі істерге тоқталды.
Күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қамтылып, қаулы қабылданған соң аудандық партия филиалы төрағасы Мұратхан Шүкеев отырысты қорытындылады.

Обновлено 13.08.2014 10:58
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін699
mod_vvisit_counterКеше1190
mod_vvisit_counterОсы аптада699
mod_vvisit_counterӨткен аптада8564
mod_vvisit_counterОсы айда15775
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2267444

Серіктестер