|
Жер сілкінісі -жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен жердің беткі қыртысының тербелуі. Жер сілкінісі апатының қауіптілігін сөзбен айтып жеткізу қиын. Сондықтан жер сілкінісі кезінде міндетті түрде білу қажет іс-қимылдар тізіміне назар аударыңыз; - Егер жер сілкінісінің алғашқы сілкінулерін сезсеңіз үрейленбеңіз, сіз орналасқан ғимарттан шығып ашық жерге шығыңыз; - Биік ғимаратта тұратын болсаңыз лифтті қолданбаңыз; - Ғимарат ішінде
қалып қалған болсаңыз сабыр сақтап жасырынатын жерді табыңыз; - Жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыныңыз; - Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз; - Қауіпсіз аймаққа кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз; - Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз; - Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз; - Жердің қайталанып сілкінуіне дайын болыңыз. Жер сілкінісінің аяқталуы туралы төтенше жағдайлар қызметкерлерінің нақты ақпаратын естігеннен кейін ғана тұрғылықты жеріңізге тек ғимаратқа кіру қауіпсіз екеніне көз жеткізгеннен кейін кіруді сұраймыз.
Илияс Рысалдиев, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы. |