|

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті LVII-сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі О.Баққараев, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Қ.Оралов ауыл, ауылдық округтердің әкімдері мен бөлім басшылары қатысты. Сессияны аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев ашып, жүргізіп отырды. Сессияда “2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы” аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбековтың баяндамасы тыңдалды. Ол өз баяндамасында ауданның 2026 жылға арналған
бюджетінің кірісі 9121529 мың теңгені құрағанын атап өтті. Оның ішінде аудан бюджетінің өзіндік кірісі 7143338 мың теңге, жоғары тұрған бюджеттен түскен трансферттер 1978191 мың теңге.
 Республикалық бюджет есебінен трансферттік түсімдер 607318 мың теңгені құраса, оның 373768 мың теңгесі тұрғын үй сатып алуға, 233550 мың теңгесі мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер сомасы. Ал облыстық бюджет есебінен трансферттік түсімдер 1370873 мың теңгені құрады. Сондай-ақ баяндамашы ауданның ағымдағы шығындарын әрбір функционалдық топтар бойынша бөлінген қаржыларды жеке-жеке айтып берді. Одан кейін аудандық мәслихат төрағасы Бақтияр Ақбаев өз өкілеттігін іске асыру туралы есеп беріп, есебі назарға алынды. Аудандық мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспары, мәслихат аппаратының құрылымы мен штат бірлігі бекітілді. Сессия соңында басқада әртүрлі мәселелер қаралып, қаралған мәселелер бойынша шешім қабылданды.
Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТОВ, “Ауыл жаңалығы”. |
|
Обновлено 23.12.2025 13:17 |