|

Аудан әкімдігінде өткен аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысына аудандық мәслихаттың төрағасы Б.Ақбаев, аудан әкімінің орынбасары Қ.Бүркітәлиев, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысты. Отырысты кеңес төрағасы Қыдырәлі Оралов ашып, жүргізіп отырды. Онда “2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша функционалдық міндеттеріне сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар туралы Сазтерек ауылдық округі әкімі мен Көктал ауылы әкімінің есебі туралы” мәселе қаралды. Аталған округ пен ауыл әкімдері Жұмабек Шайхиев және Серік Қайпулдаев биылғы жылдың
9 айында атқарылған жұмыстарды айтып, алдағы атқарылатын жұмыстарданда хабардар етті. Сазтерек ауылдық округінде 4 инвестициялық жоба іске қосылып отырса, оның үшеуі мал бордақылау алаңы. Жақында ғана Жаңасаз ауылына таза ауыз су берілді. Ал Көктал ауылында “Алель-Агро” АҚ-ның демеушілігімен құны 30 млн. теңгелік балалар ойын алаңшасы мен ересектерге арналған спорттық жаттығу алаңы пайдалануға берілген. Сондай-ақ шағын футбол алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, демеушілер есебінен 2 көшеге түнгі жарық шамдары орнатылған. “Саялы” массивіне қосымша электр трансформаторы орнатылып, пайдалануға берілген. Қаралған мәселеге байланысты қоғамдық кеңестің мүшесі Сұлтанбек Медеубековтің қосымша баяндамасы тыңдалды. Мұнда баяндамашы екі округтегі атқарылған жұмыстарды айта келіп, Сазтерек ауылдық округі әкіміне округ тұрғындарын алаңдатып отырған ағын су мәселесін шешу, каналдардың сапалы жөнделуін назарда ұстау, Жаңасаз ауылында кіші футбол алаңшасын салу жұмысының жобалық-сметалық құжатын дайындап, қаржының бөлінуін қадағалау ұсынылды.
 Ал Көктал ауылы әкіміне таза ауыз су жүйесіне ауыл тұрғындарын қосуға жұмыс істеу, ЖК “Мұхамбетжан” көтерме сауда орындары мен “Алель-Агро” АҚ-ы техникаларын тіркеуден өткізуге жұмыс жүргізу тапсырылды. “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оны жетілдіру және осы бағытта туындайтын басқа да мәселелерге қатысты аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің 2025 жылдың 9 айының қорытындысы туралы” бөлімнің бас маманы Ажар Молдасынова есеп берді. Есеп беруші бөлімде 4 түрлі мемлекеттік қызмет түрі көрсетілетінін атап өтіп, оның алғашқы үшеуі бойынша 358 өтініш тіркеліп, қаралған. Аталған мәселеге байланысты кеңес мүшесі Өсер Нұрбаев қосымша баяндама жасап, бөлімде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын ұйымдастыру, БАҚ беттерінде мақала жариялау қажеттігін атап өтті. “2026-2028 жылдарға арналған Байзақ ауданы бюджетінің жобасы туралы” аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков баяндады. Отырыс соңында қаралған мәселелерге байланысты Қарар қабылданды.
Сундетулла АБЫЛАШҰЛЫ, “Ауыл жаңалығы”. |