Онлайн газет



Құрылысшыларды қабылдады

Қазір қай жерде болмасын құрылыс қарқынды жүруде. Сондықтан да болар, қолына құрал-саймандарын алып, зәулім-зәулім ғимараттарды соғып жатқан мамандарға деген құрмет жылдан-жылға артып келеді. Тіпті, осынау мамандықты жанына серік етіп, еліміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып келе жатқан құрылысшыларға арнайы күн белгіленіп, мереке ретінде аталып өтілуде.
Тамыздың екінші жексенбісі – Құрылысшылар күні кәсіби мерекесіне орай, аудандағы құрылыс жұмыстарында белсенділік танытып жүрген бірнеше сала өкілдерін аудан әкімі Мұратхан Жүнісәліұлы қабылдады. Өз сөзінде М.Шүкеев құрылысшы мамандығы бүгінгі күні елімізге ең керекті әрі сұранысқа ие екендігін айта келе, әр жыл сайын құрылыс қызметкерлерінің арқасында мектеп, балабақша, аурухана сынды әлеуметтік нысандар халық қолданысына беріліп жатқандығын атап өтті. Жұмысшы қауымға мерекелік лебізін білдіре келе, алдағы уақытта да жасайтын жарқын істеріне сәттіліктер тіледі.
Айтулы іс-шарада Қазақстан Республикасының құрылысшылар күні кәсіби мерекесіне орай, құрылыс саласындағы қажырлы еңбегі үшін «Тараз Құрылыс Инвест» ЖШС-нің прорабы Әбілхан Ахмедов, «Луговой жылқы заводы» ЖШС-нің бригадирі Ғазиз Баяндиев аудан әкімінің Грамотасымен, ал, «Де Факто» ЖШС-нің бригадирі Рахымжан Юнусов аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Жылы жүздесу соңында құрмет, қошеметке ие болған құрылысшылар өз кезегінде еңбектерін елеп-ескергені үшін аудан әкімі бастаған азаматтарға алғыс сезімдерін жеткізді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 13.08.2014 10:53
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін412
mod_vvisit_counterКеше1665
mod_vvisit_counterОсы аптада5416
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда13057
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2264726

Серіктестер