Онлайн газет



ОҚУШЫЛАРҒА КЕҢІНЕН АҚПАРАТ БЕРІЛДІ

Әлеуметтік желілерде әр секунд сайын миллиондаған хабарлама алмасады. Бірақ сол ақпараттың арасында пайдалы мәліметпен қатар қорлау, қоқан-лоққы көрсету, жеке ақпаратты рұқсатсыз тарату сияқты теріс әрекеттер де орын алады. Осындай жағдайда өзін де, өзгелерді де қорғау - әр азаматтың міндеті.
Бурыл орта мектебінде “Заң мен тәртіп” аясында “Әлеуметтік желідегі қауіпсіздік және кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында 8-9-сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Алдымен оқушылар назарына интернеттегі негізгі қауіптер туралы қысқаша бейнематериал, рөлдік көріністер ұсынылды. Әрмен қарай күн тәртібіндегі мәселеге қатысты аудандық “Жастар ресурстық орталығының” заңгері Жансая Мұратова қоғамның дертіне айналып отырған кибербуллинг-құқықбұзушылықтың бір түрі екендігіне кеңінен тоқталды. Бұдан кейін күн тәртібіндегі мәселеге  орай оқушылармен талқылау, топтық жұмыстар жүргізілді. Мектеп психологы Ляззат Серікбаева кибербуллингтің алдын алу жолдары туралы айтса, мектеп инспекторлары, полиция лейтенанты Жамбыл Абатаев пен Аңсар Есеналды, аудандық білім бөлімінің құқықтық-тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Айнұр Нұргелова құқық бұзушылықтың түрлері мен салдары, жасөспірімдер арасындағы жиі кездесетін құқық бұзушылықтар мен әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Оқушыларды кибербуллингтен қорғау, оның балалардың психологиясы мен физикалық денсаулығына, сондай-ақ, олардың оқу үлгерімі және өмір сапасына теріс әсер ететіндігі де сөз болды.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, тәртіпті сақтау, жауапкершілік, құқықтық сауаттылық тақырыптарында профилактикалық кеңестер ұсынылды.

Марина ДИЛЕБАЕВА,
Бурыл орта мектебі директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1875
mod_vvisit_counterКеше4380
mod_vvisit_counterОсы аптада26462
mod_vvisit_counterӨткен аптада32234
mod_vvisit_counterОсы айда79006
mod_vvisit_counterӨткен айда133958
mod_vvisit_counterБәрі3457075

Серіктестер