Онлайн газет



Конкурс жеңімпаздары анықталды

А.Алдабергенов,
«Ауыл жаңалығы».

Елімізде қоғамның әлсіз топтары, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдау көрсету жақсы жолға қойылып келе жатқаны белгілі. Оларды мамандыққа үйрету, жұмыспен қамту мәселесі де оң шешімін табуда. Мұнымен қоса, бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық әлеуетін дамытуға да ерекше көңіл бөлініп келеді. Олардың өзін-өзі танытуға жәрдемдесу және қоғамға мүгедектерді араластырудың тиімді тәжірибесін қолдануда «Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз» атты конкурстың маңызы зор.
Өткен сенбі күні Сарыкемер орта мектебінің акт залында аталмыш тақырыппен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған аудандық конкурс ұйымдастырылды. Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мұрындық болуымен өткізілген сайыста  түрлі номинациялар бойынша оннан аса үміткер өнер көрсетті. Конкурсанттар сахнаға көтерілмес бұрын, іс-шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары С.Кенжебаев мемлекетімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына, денсаулығын түзетіп, білім алуына, тиісті мамандығы бойынша қызметке қабылдануына соңғы кездері мейлінше назар аударылып келе жатқанын ауызға алып, соның айғағы ретінде ұйымдастырылып отырған конкурстың таланттарды тануда алар орны зор екендігін айтып өтті. Қатысушыларға сәт-сапар тіледі.
Мұнан кейін бірінен соң бірі шығып, байқауға қатысушы талапкерлер «Үздік орындаушы», «Үздік жасампаз», «Үздік әлеуметтік жоба», «Жеңіске жігер танытқаны үшін» номинациялары бойынша жарысты. Ән айтып, би биледі, білім сынында сайысқа түсті.
Қорытындыда тартысты өткен тамаша байқаудың жеңімпаздары да анықталды.  «Үздік орындаушы» аталымын Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін тамылжыта орындап шыққан сарыкемерлік Қ.Абдуллаев жеңіп алса, жүлделі ІІ орынды жетібайлық Н.Карибаев иемденді.
Ал, спорт сайысындағы тоғызқұмалақ жарысында шашасына шаң жұқтырмаған  сарыкемерлік Э.Мукамбетов, дойбыдан Ш.Абилдаева мен С.Оспанов, қол күресінен аймантөбелік Ә.Оспанқұлов үздік деп танылды.
«Үздік жасампаз» номинациясының І орынын Мәдімар ауылынан келген А.Сапаралиева ұтып алса, ІІ орын С.Пірімқұловқа бұйырып, олар облыстық байқауға жолдама алды. Жеңімпаздар сонымен қатар, ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған бағалы сыйлықтарға ие болып, Дипломдармен мадақталды.

Обновлено 13.08.2014 10:49
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін262
mod_vvisit_counterКеше1665
mod_vvisit_counterОсы аптада5266
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда12907
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2264576

Серіктестер