Онлайн газет



«Денсаулық жолы» - Мәдімарда

«Денсаулық – басты байлық» демекші, соңғы жылдары халықтың өз денсаулығын түзетуге қолжетімділігі арттырылып келе жатқаны шындық. Үлкен-кішінің салауаттылығын сақтауға арналып салынып жатқан жер-жерлердегі спорт алаңшаларын айтпағанның өзінде, білікті, білгір мамандар шалғай жатқан ауылдарды аралап, дәрігерлік кеңестерін беруді дәстүрге айналдыруда. Айталық, 2011-2015 жылдарғы «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы және денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығымен жыл сайын жаз айларында аймақтық ауыл тұрғындары үшін кең ауқымды «Денсаулық жолы» шарасы өткізіледі.
Бұл шара биыл да өз жалғасын тапты. Бұл ретте акция ауданымыздағы Ынтымақ ауылдық округіне қарасты Мәдімар ауылында өткізілді. Білікті медицина мамандары арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған кешенде аталмыш ауылдың тұрғындарына тегін қызмет көрсетті.
Мақсаты  ауылдық жерлердегі тұрғындарды тегін тексерістерден өткізу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру болып табылатын іс-шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген ЖОСӨСҚО Байзақ аудандық филиалының жетекшісі С.Бөлтірікова ауылдарда бой көтеріп жатқан емдеу нысандары халық қамы үшін жасалып жатқан қамқорлық екендігін айта келе, ауданымызға ат басын бұрған ақ халаттыларға алғыс сезімін білдіріп, ем-дом алуға жиналған жұртшылыққа игі тілектерін жеткізді. Ал, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Махамбетов акцияның маңыздылығын ауызға алса, Жамбыл облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мемлекеттік орталығының маманы, дәрігерлерді бастап келген А.Амирова іс-шараның Жамбыл облысы «Саясаткер әйелдер клубы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өткізіліп жатқанын тілге тиек етті. Ауылдықтарға денсаулық тіледі.
Бұл күні тұрғындар  үшін  түрлі қызметтегі мамандар, атап айтқанда: онколог, фтизиатр, бала дәрігері, балалар травматологы, кардиолог дәрігерлері қызмет көрсетсе,  аула ішінде жылжымалы флюорография құрылғысының  мамандары үлкен-кішіні тексерістен өткізді.
- «Денсаулық жолы» акциясы негізінде Мәдімар ауылының тұрғындарының көпшілігін бір күн ішінде  тексерістен өткіземіз деп отырмыз. Бұл жылжымалы кешеннің тұрғындар үшін пайдасы зор. Мамандар тұрғындарға тегін өз көмектерін көрсетуде. Сонымен қатар, әртүрлі аурулардың алдын алу жөнінде түрлі мәліметтер беріп жатырмыз , - дейді ЖОСӨСҚО Байзақ аудандық филиалының маманы Гүлсім Қалдыбекова.
- «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді ғой. «Денсаулық жолы» ауылға келе жатыр деген соң, ұлымды ертіп балалар травматологына алып келіп отырған жайым бар. Дәрігер Б.Биназаров баламды бастан-аяқ тексеріп, қажетінше көмегін көрсетуде. Ақ халаттыларға айтар  алғысым шексіз, - дейді Мәдімар аулының тұрғыны, жас ана Нұрғайша Бердалиева.
Иә, таңнан басталған  акцияға қатысушылардың қарасы кешке дейін жалғасты. Ауыл тұрғындарының басым бөлігі бала дәрігері мен кардиолог маманға қаралып жатты. Тегін болған соң рентгенге түсіп жатқандар да көп болды. Кешке дейін жүзден аса  тұрғын флюорографияның көмегіне жүгінген екен. Деседе, тұрғындардың көбі болашақта көз дәрігері, невропатолог, әйелдер дәрігері, хирург және тері ауруларының дәрігерлері келсе нұр үстіне нұр болады дегенді айтып жатыр. Олай болса, халық қалауы ескерусіз қалмайды деген үміттеміз.

Өз тілшіміз.

Обновлено 13.08.2014 10:46
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін196
mod_vvisit_counterКеше1665
mod_vvisit_counterОсы аптада5200
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда12841
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2264510

Серіктестер