Онлайн газет



ҰРЛЫҚ ТҮБІ - ҚОРЛЫҚ

С.Өміралиев,
Байзақ аудандық сотының судьясы.

Халқымыздағы қалыптасқан қағидаға сай қылымыс жасау – тәрбиесіздіктің белгісі. Ұлтымыз үшін ұрлық істеу тіпті

ұят нәрсе. Сол себепті де қазақ халқы «Ұрлық түбі –қорлық» деп, өсіп келе жатқан жастарды жаман әдеттен жиреніп, жақсы істерге қарай ұмтылуға үндеген. Десекте, бүгінгі таңда еліміз бойынша түрлі себептермен қылмыс деңгейі өршіп тұрғандығы жасырын емес. Ойнап жүріп от басқандар түптің –түбінде жазасын алады. Аяғын шалыс басқан жандардың тағдыры әрине аянышты. Осындайда оқырманға өмірде болған бір жағдайды ұсына отырып, мұндай олқылықтарға бой алдырмауды ескертеміз.
Шілде айының шіліңгір мезгілі болатын. Алкогольдік ішімдік ішіп, мастанған Б.Абильдаев ауданымызға қарасты Түймекент ауылы маңындағы арықтың бойында арқандаулы тұрған М.Қожахановтың құны 250 000 теңге тұратын төрт жасар тор түсті байталына мініп ала жөнеледі. Б.Абильдаевтың арқандаулы жылқы малын алып бара жатқандығын байқап қалған М.Қожахановтың ауылдасы Р.Ибахов егесіне дереу ұялы телефонмен хабар береді.  Артынша ұрыны қашып бара жатқан жерінен ұстап алған М.Қожаханов оны аудандық полиция бөліміне табыстайды. Әрі, мұндай жағдайдың қайталанбасын мақсат тұтып қылмыскердің тиісті жазасын алуына өтініш білдіріп, арыз жазады.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, жәбірленуші  М.Қожахановтың  және  қорғаушының қатысуымен ашық сот мәжілісі болып өтті. Сотта іс егжей-тегжейлі қаралып, жәбірленуші және куәгерлердің сөздері тыңдалды. Қорытындыда қылмыскер Б.Абильдаев өзіне тағылған айыпты толық мойындап, жылқыны ұрлаған себебі, Тараз қаласына апарып сатып, ақшасын өзіне жаратпақшы болғанын, жәбірленушіден және сотқа қатысушы адамдардан кешірім сұрайтынын, келешекте ұрлық, басқа қылмыстар жасамайтындығын айтты.
Сотта қылмыскер Б.Абильдаевтың кінәсі өзінің берген жауабынан басқа жәбірленуші М.Қожахановтың және куәлердің жауаптары тыңдалып, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, айғақ затты алу хаттамасымен, беттестіру хаттамаларымен және басқа да алдын ала тергеу кезінде жиналған іс-құжаттарымен толық дәлелденіп үкім шығарылады.
Осы жерде, тағы бір айта кетерлік маңызды мәселе сотталуышы Б.Абильдаевқа бұрын 07.07.2008 жылы Жамбыл облысы, №2 Тараз қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 178-бабының 2-бөлігінің «а,в» тармағымен, 131-бабының 4-бөлігімен, 58-бабының 3-бөлігіне сай 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған, соттылығы әлі жойылмаған болатын. Б.Абильдаев Жамбыл облысы, №2 Тараз қалалық сотының 06.06.2012 жылғы қаулысымен 27 күнге шартты мерзімінен бұрын босатылған. Осы мерзімде Б.Абильдаев қайталап қылмыс жасағанына байланысты ҚР ҚК-нің 70-бабының 7-бөлігінің «В» тармағына сай қылмыс қасақана жасалса, сот оған осы кодекстің 60-бабында көрсетілген ережелері бойынша жаза тағайындайды.  ҚР ҚК-нің 13-бабының 1-бөлігіне сай бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады. Осы бапқа сай Б.Абильдаевтың іс-әрекеттерінде қылмыстың қайталануы бар деп танылады.
Сонымен ҚР ҚІЖК-нің 375, 377-380, 384, 386 баптарын басшылыққа ала отырып сот: «Абильдаев Бауыржан Мухатовичті ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігімен, 175-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танып және осы бап бойынша 1 жыл алты айға бас бостандығынан айырылсын» деп Үкім етті. Оған қоса ҚР ҚК-нің 60-бабының 1-бөлігіне сай тағайындалған жазаға Жамбыл облысы, №2 Тараз қалалық сотының 7 шілде 2008 жылғы үкімі бойынша жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосып, түпкілікті жаза 3 жыл бас бостандығынан айырылсын деп белгіледі.
Өздеріңіз көріп отырғандай, ешқандай қылмыс және оны жасаған адам жазасыз қалмайды. Оңай жолмен олжа  тауып, баиймын деген жандар әсте қателеседі. Оданда, білім алып, мамандық бойынша еңбек ету, ризықты – жерге дән себу, мал бағып, өсіру де табыс көзі болып табылады. «Маңдай термен тапқан – нан қашанда тәтті болады» деген нақыл кейбір жандарға ақыл болса екен деймін.

 

Обновлено 15.10.2012 15:01
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін400
mod_vvisit_counterКеше1971
mod_vvisit_counterОсы аптада10659
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда27289
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2278958

Серіктестер