Онлайн газет



Бақытын еңбектен тапқан кәсіпкер

Е.Серікбайұлы,
Байзақ ауданның Құрметті азаматы, еңбек ардагері.

Бүгінгі таңда мемлекет қолдау білдіріп отырған стратегиялық бағытта қоғамды жаңартуға қабілетті, экономиканың жағдайын ой­лай­тын кәсіпкерлерге ерекше көңіл бөлінуде. Шағын және орта бизне­с халықтың әл-ауқатын арттырып, қосымша жұмыс орындарының ашылуына, жалақы­ның уақытында төле­ніп отыруына септігін тигізетіні сөзсіз. Ең бастысы, жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмыспен қамтып, аймақ халқының әлеуе­тін арттыруға зор ықпал етуде. Осы ретте кәсіпкерлікті ұршықша үйіріп жүрген азаматтардың бірі, сарыкемерлік

Өмірбек Тінәлиев деп айтсақ қателеспейміз.

Бар бақытын еңбектен тапқан атпал азамат  Дихан ауылдық округіне қарасты Аймантөбе ауылының тумасы. 1976 жылы он жылдықты бітіргеннен кейін, Т.Рысқұлов (бұрынғы Луговое) ауданындағы Ақыртөбе бекетіндегі механизатор даярлайтын техникалық училищені бітіріп, тракторист – жүргізуші мамандығын алып шығады. Еңбек жолын  Ленин атындағы ұжымшарда, кейіннен аудандық мамандырылған шаруашылық бірлестігінде механизатор болып бастаған ол, жүргізуші,  бригадир бола жүріп,   Алматы зооветеринарлық институтының мал дәрігері мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1989-1990 жылдары мамандырылған шаруашылық бірлестігіне қарасты  Жеңіс ауылындағы мал бордақылау кешенінің меңгерушісі болып жемісті еңбек еткен-ді.
Еліміз тәуелсіздік алысымен өзінің жеке ісін ашқан Өмірбек Әлімқұлұлы алдымен  май құю, кейіннен  екіншісін, оның жанынан азық-түлік дүкенін, автобөлшектер сататын дүкен ашып,  бүгінде бірнеше адамды  жұмыспен қамтып отыр. Өз ісін  жетік білетін азаматтың  зайыбы Сәуле Бекмырзақызы Ақылбаеваның негізгі мамандығы - дәрігер. Кезінде аталмыш мамандық бойынша  денсаулық сақтау  саласында жемісті еңбек еткен ол бүгінде жары Өмірбектің көмекшісі.
Жомарттығымен дараланған кәсіпкер  аумағында өтетін көпшілік мәдени шараларға, әсіресе қайырымдылық шараларына белсене  қатысып,  өзгелерге өнеге көрсетіп келеді. Ұлдары  Қуаныш, Қанат пен Сұлтан, қызы Әсиядан өрбіген 6 немере-отбасының  шаттығын  келтіруде. Қызы Әсия- ұстаз, ұлдары Қуаныш пен Қанат өмірде өз орындарын тапқан. Кенжесі Сұлтан-білімгер. Отбасындағы  берекені арттырып отырған келіні Айжан Акимжанова ибалы келіннің бірі.
Ендеше, аудан аумағында кәсіпкерлік саласының өсіп-өркендеуіне сүбелі үлесін қосу арқылы, экономикамыздың өркендеуіне атсалысып жүрген Өмірбек сынды кәсіпкер азаматтар саны көбейе берсін демекпін.

 

Обновлено 13.08.2014 10:42
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін669
mod_vvisit_counterКеше1665
mod_vvisit_counterОсы аптада5673
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда13314
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2264983

Серіктестер