Онлайн газет



Тылда тынбай еңбек еткен

А. Мамытқұлұлы.
Байзақ ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері.

Өткенге көз жүгіртер болсақ, өмірі өнегеге толы талай жандар бар екенін байқаймыз. Алайда олардың өмірі жайлы аз толғап жататынымыз да рас. Араға жылдар салып, олар жайлы айту кейінгі ұрпақтың басты  міндеті.
Ұлы  Отан соғысының бұрынғы ардагері, марқұм Қожамқұлов Жақатайдың жары бүгінде 94 жастағы кейуана Тұрсынкүл анамыз 1920 жылғы мамыр айының 30-ы күні өмірге келген. Бұлаңдап өсіп, бойжеткен  Тұрсынкүл қыз болашақ жарымен танысып, екі жас 1939 жылы отау құрады. Содан, 1941 жылғы қаңтар айының 25-і күні тұңғышы – Зәтикүл жарық дүние есігін ашады.
Ел басына күн туған сонау аласапыран 1941 жылы ері Жақатай жиырма үш жасында алғашқылардың бірі болып көппен бірге майданға аттанады. Ал, ауылда қалған жары Тұрсынкүл болса Құмбел ауылында дала еңбегінің көрігін қыздыруға атсалысады. Сөйтіп жас бойжеткен ерте еңбекке араласып, Үштөбе, Қарақұм, Құмбел ауылдарының ауыл шаруашылығы жұмыстарында тер төгеді. Тоған қазып, астық орды. Шөп шауып, қоғамдық мал азығын дайындады.
Алғаш Ресейдің Томск қаласында үш айлық жауынгерлік дайындықтан өткен Жақатай кейін, ерлігі аңызға айналған Бауыржан Момышұлының батальонына жіберіледі. Сөйтіп ол, Ұлы Отан соғысы жылдарында Москваны қорғауға атсалысты. Ел шебіне тұтқиылдан шабуыл жасап, астамшылық жасаған Германия басқыншыларына қарсы соғыста отансүйгіштік таныта білген жауынгер Отан алдындағы борышын адал атқарып, елге аман-есен оралды.
Қырық жыл қиямет қайым болса да ажалды өледі деген. Көретін жарық сәулесі бар екен, Құдайға шүкір, ауылға келген соң да Жақатай ауыл шаруашылығына араласып, колхоз экономикасының артуына өзіндік үлесін қоса білді. Мал шаруашылығында аянбай еңбек еткен Ұлы Отан соғысының ардагері жетпіс екі жасында 1990 жылы дүние салды.
Ал, артында қалған соғыс ардагерінің жесірі, 94 жастағы тыл ардагері Тұрсынкүл апамыз бұл күндері тұңғышы Зәтикүлдің қолында аман-есен емін-жарқын күн кешуде.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін81
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3235
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33375
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824581

Серіктестер