| АУЫЛДАҒЫ ЖАҢА ИГІЛІК |
|
Көктал ауылында балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, сондай-ақ ересек тұрғындардың спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасалған заманауи көпфункционалды ойын алаңшасы ел игілігіне берілді. Бұл – Мемлекет басшысы балаларға ерекше көңіл бөліп, олардың әл-ауқатын Қазақстанның табысты болашағының басты кепілі ретінде атап өткен басымдықтармен үйлескен игілікті жоба. қолдаған «Алель Агро» АҚ Жамбыл филиалының директоры Берік Серікбайұлына ризашылығымызды білдіреміз. Ауылдық округ әкімдігімен бірлесіп, қысқа уақытта осындай әсем де қолайлы ойын алаңшасын салып бергендері бізді қуантады. Бүгінде ауданда 260-тан астам спорттық нысан бар, оның 28 балалар ойын алаңы бүгінгі күнге дейін жұмыс жасап тұр. Мырзатай, Үлгілі ауылдық округтерінде де осындай нысандар демеушілер көмегімен іске қосылған. Бұл – кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілік танытып, халыққа қызмет етуінің жарқын көрінісі. Сондықтан барша демеушілерге алғысымыз шексіз. Ауыл тұрғындарын жаңа ойын алаңшасының ашылуымен құттықтай отырып, нысанды ұқыпты ұстауға шақырамын. Себебі бұл жоба бюджет қаражатынсыз жүзеге асты,-деді аудан басшысы Олжас Елебекұлы.
Жанерке ӘЛТЕН, |
| Обновлено 05.12.2025 15:57 |
Халыққа жолдау

ЖАРНАМА








![]() | Бүгін | 1856 |
![]() | Кеше | 4380 |
![]() | Осы аптада | 26443 |
![]() | Өткен аптада | 32234 |
![]() | Осы айда | 78987 |
![]() | Өткен айда | 133958 |
![]() | Бәрі | 3457056 |














